USAID Маңғыстауда қуаңшылықтан зардап шеккендерге қаржы бөлетін болды

24 Қыркүйек 2021, 17:19
2720
Бөлісу:
USAID Маңғыстауда қуаңшылықтан зардап шеккендерге қаржы бөлетін болды

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек ретінде 100 мың АҚШ долларын беретінін мәлімдеді.

Қазақстанның Қызыл Жарты ай ұйымына USAID қуаңшылықтан зардап шеккен халықтың ең осал топтарына қолдау көрсету үшін 100 000 АҚШ доллары көлемінде грант ұсынған.

Маңғыстау облысында толастамай жатқан қуаңшылық мыңдаған сиыр мен жылқының қырылуына, егіс алқаптарының жойылуына және тұщы судың онсыз да жұтаң ресурстарының сарқылуына алып келді. Мал шаруашылығы осы өңірдегі негізгі кіріс көзі болып табылатындықтан, табиғи апат айтарлықтай залал келтірді. Қуаңшылықтың салдарынан сүт пен ет өндіру көлемі төмендеді. Соның салдары жергілікті халықтың кірістері мен тіршілік етуге қажетті қаржысына кері әсерін тигізуде, - делінген USAID таратқан хабараламада.

Малдың өлім-жітімінен зардап шеккен 200-ден астам үй шаруашылықтары қаржылай көмек алады. Аталған көмектің мөлшері үй шаруашылығының әрбір мүшесі үшін күнкөріс минимумына сүйеніп есептеледі – бір үй шаруашылығына шаққанда 170 000 теңгеге дейін.

Жағдайды бағалап, көмекке көбірек мұқтаж үй шаруашылықтарын анықтағаннан кейін қаржылай көмек алушылардың банк шоттарына аударылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы