300-ден 450 мың теңгеге дейін. Шаймерденов сауыншылардың жалақысы туралы айтты

24 Қыркүйек 2021, 13:28
3681
Бөлісу:
300-ден 450 мың теңгеге дейін. Шаймерденов  сауыншылардың жалақысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СҚО-дағы «Дайындық» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.

Біздегі сауыншылар 300-ден 450 мың теңгеге дейін жалақы алады. Ал малшылар 250-ден 280 мың теңгеге дейін еңбекақысын алады. Оның ішінде 4 күн демалады. Қалған күндерді жұмыс істейді. Осындай бағдарда жұмыс істесе, адам да, мал да ешқайда кетпейді. Жұмыскерлер адал жұмыс істейді. Бұл экономикаға да оң әсер береді, - деді ол.

Шаймерденов айтқандай, кешенге Аустриядан 600 бас жеткізілген.

3-4 жыл біз соның қызығын көріп отырмыз. Үкіметтен де көп қолдау көреміз. Сүтке де субсидия аламыз. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің барлығы - табиғи таза әрі өнімді. Шаруашылықта 32 адам жұмыс істейді. Түнде екі адам кезекшілік атқарады. Тек егіннен ғана емес, малдан да жақсы пайда көруге болады, - деді Біржан Шаймерденов.


Өзгелердің жаңалығы