Чжан Сяо: Күрделі уақытта әлем бір-біріне көмек беруі керек

24 Қыркүйек 2021, 18:12
11676
Бөлісу:
Чжан Сяо: Күрделі уақытта әлем бір-біріне көмек беруі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо әлемге тараған індетпен бірге күресу керегін айтты.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы бүкіл әлемде өршіп тұр. Індет үнемі мутацияға ұшырап, әлемдегі бірде-бір ел одан толықтай қорғана алмай отыр. Биыл Қытай Компартиясының құрылғанына 100 жыл толды. Мерейлі жылы Қытай халқы коронавирус инфекциясын абыроймен жеңіп қана қоймай, өз экономикасын сәтті қалпына келтірді. Атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта Қытайдың ЖІӨ өсімі 12,7%-ды құрады, ал болжам бойынша жыл соңына қарай 7%-дан асады, - деп түсіндірді елші.

Айтуынша, қытайлар бұл жетістікпен мақтана алады.

Қытай серіктестеріне өздерінің отандық, ДДСҰ мақұлдаған вакциналарын ұсынып, КВИ-мен күресу бойынша халықаралық ынтымақтастықты белсенді жүргізіп жатыр. Сонымен қоса Қытайда халықты вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 1 млрд-тан астам қытайлық вакцинаның екі компонент алды, - деді дипломат.

Оның сөзінше, Қытай вакцина салдырған елдер арасында көш бастап тұр. Сондықтан алдағы Пекин Олимпиадасы әлемнің барлық елдерінің спортшылары үшін толығымен қауіпсіздікте өтетініне кепілдік бар.

Теріс пікірлер бізге коронавируспен күресуге көмектеспейді. Вирустың пайда болуын саясатқа айналдыру бізді «коронавирус тұңғиығына» тереңірек батырады. Геосаяси себептер бойынша өтірік пен фейк - бүкіл адамзаттың ортақ жауы. Осы күрделі уақытта әлемнің барлық елі ынтымақтастық танытып, бір-біріне көмек қолын созуы керек, - деп пікір білдірді Қытай елшісі Чжан Сяо.

Елші әлем болып бірігіп, болашақ үшін күресуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы