Все новости за 26 қыркүйек 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Пәкістанда тағы жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуаты 4,7 балдық жерасты дүмпулері Пенджаб қаласында тіркелген, деп хабарлайды 24.kz.
-
Қазақстандық спортшы дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Әділ Марлен 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды, деп жазады Olympic.kz.
-
Алматы облысында жаңа көпірлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда «Қызылтас» саяжайы аумағында Қаратал өзені арқылы өтетін екі көпір салынбақ. Келесі жылдың көктемінде құрылыс жұмыстары басталмақ. Жоспар бойынша жұмыс 11 айға созылады. Бұл туралы өңірдегі құрылыстар жобаларының таныстырылымында айтылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Назарбаева: Македониямен ынтымақтастығымыз жалғаса береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті.
-
6 мыңға жуық қазақтың оралман мәртебесі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссиясы «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын талқылады.
-
Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан халықаралық турнир басталды.
-
Экономика – ШЫҰ қызметінің басты векторы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауап беретін министрлерінің XVIII кеңесі өтті.
-
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 26-28 қыркүйек аралығында еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
-
Қасымбек облыста бірінші кезекте шешілетін үш басты міндетті атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихат сессиясында бірінші кезекте шешілетін үш басты міндетті атады. Бұл туралы Қарағанды облысының баспасөз қызметі хабарлады.
-
ЕҚҚДБ үлкен Алматы айналма жолын салуға 225 млн доллар бөледі
Алматы, BAQ.KZ. Еуропалық қайта құру және даму банкі Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына 225 млн долларды қазіргі нарықтық мөлшерлемелік пайызбен береді. Бұл туралы ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия бойынша басқарма директоры Бруно Балванера айтты, деп жазды Курсив басылымы.
-
Көмірдің сапасы мен бағасын бақылау керек – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі әріптестерімен көшпелі кеңес барысында тұрғындарды көмірмен уақытылы қамтамасыз ету, нысандарды жылыту және газдандыру мәселелерін талқылады.
-
Мырзағалиев америкалық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары шеңберінде Нью-Йорктегі америкалық компания өкілдерімен жетекшілік ететін салаларда ынтымақтастық орнату мақсатында бірқатар кездесу өткізді.
-
Қостанайда құны 5 млрд теңгеден асатын ет комбинаты салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдың солтүстік өнеркәсіптік аймағында "Beef export group" ЖШС компаниясы қуаты жылына 110 мың бас ірі қара мал және 132 мың бас ұсақ мал өңдейтін заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысын жүргізілуде.
-
Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театрлар байқауы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған XXVII Республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті.
-
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері оқытылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астананың «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында әйелдердің көшбасшылық мектебінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Ауылы үшін астананы тастаған азамат
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, бүгінде ет бағытындағы сиыр өсіріп отырған шаруа қожалықтарына арнайы пресс-тур ұйымдастырды.
-
Еліміздегі патрульдік автокөліктердің дизайны өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ ақпараттық айыру белгілері мен жазулары бар патрульдік автокөліктердің стандарттарын әзірледі.
-
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Дәрігерлер түркістандықтардан бірқатар созылмалы ауруларды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы еліміздің шалғай станцияларын аралауды жалғастыруда.
-
Бауыржан Байбек: Үнсіз отырмай, халықтың алдына шығу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңартылған Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында Бауыржан Байбек партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының жұмысын қайта жандандыру аясында берген бірқатар тапсырмалары туралы айтты.
-
Бала күтуші 5 айлық сәбиді қинап өлтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Ресейдің Заводоуковск қаласында болды.
-
Еліміздің бірнеше қаласында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты.
-
Павлодарлық жас өнертапқыштар тың жобаларын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Торайғыров атындағы ПМУ-да республикалық «Форум ҚХА Жастар Синергиясы» жас IT-мамандарды қолдау жобасы өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Өскеменде трамвай әйнегі сынып, жолаушы жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде трамвайдың терезесі сынып, жолаушыны жарақаттады, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастыратын заң жобасы дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте ҚР қаржы вице-министрі Қанат Байеділов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
-
Митингке шығып жүргендер ақшаны QIWI арқылы алып жатыр – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің экономикалық жұмыс тобында депутат Омархан Өксікбаев сырттан келетін қаржыны ҰҚК-ның бақылауы дұрыс емес деп санайтынын айтты.
-
Қазақстан мен АҚШ экология саласында маман дайындауды бірлесіп зерттемек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология министрлігі басшысы АҚШ-та америкалық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы аталмыш министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақы айырмашылығын қысқарту керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының жалпы отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы қазақстандықтар мен шетелдіктердің еңбекақысында айырмашылық жер мен көктей деді.
-
«Сыбағадан» сыбағасын алғандар
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, бүгінде ет бағытындағы сиыр өсіріп отырған шаруа қожалықтарына арнайы пресс-тур ұйымдастырды.
-
Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» КЕАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі Лондонда Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырды.
-
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен республиканың 5 облысының, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.
-
«Алтын тұлпар» – Жайық жағасында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облыстық әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданы Алмалы елдімекенінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді.
-
Күйшілер байқауы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оразбек Сәрсеновтің туғанына 95 жыл толуына орай күйшілер байқауы өтеді.
-
Ақтөбе әкімі егілген әрбір ағашқа құжат жасауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мавр Абдуллин ұрандап жаппай ағаш отырғызудың шығынға батыратынын айтты, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
АҚШ 500-ден астам әскери қызметкерін Литваға жібереді
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ әскерилерді алмастыру аясында 500-ден астам әскерін Литваға жіберуге әзір.
-
Елордада аса құнды құжаттың көшірмесі көпшілік назарына ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік архивінде «Рухани жаңғыру: ашық қоғамға - ашық архив» деген атпен семинар және көрме ұйымдастырылуда. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп Facebook-тегі парақшасына жазды.
-
Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлем чемпионы атанды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші күні Нұрқанат Серікбаев жеңімпаз атанды. 50 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген ол ел қоржынына алғашқы алтынды салды.
-
Facebook компьютерді мимен басқаратын жобаны жүзеге асырмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фейсбук компьютерді оймен басқару жобасын қолға алды. Компания осындай технологияны дамытумен айналысатын стартапты сатып алды, деп хабарлады Хабар24.
-
Нан құрамындағы тұз денсаулыққа зиян
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің нан өнімдерін өндіру жөніндегі эксперименталдық-өндірістік цехы тұзы аз мөлшердегі нан өнімдерін өндіре бастады. Оған себеп нан өнімдеріндегі тұздың денсаулыққа орасан зор мөлшерде нұқсан келтіретіндігінде.
-
200 мың елордалыққа жол жүру ақысына жеңілдік қарастыру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық мәслихаттың депутаты, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласында студенттерге автобустарда жол жүру ақысын екі есеге төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.
-
Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртібі жеңілдейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізіледі.
-
#Желмая. Зейін Әліпбек – жұмысқа таныссыз кіру, сабырлылықтың сыры мен телевизияның «өлімі» туралы
Зейін Әліпбек не себепті өзін алты айға дейін тележүргізушіліктен алып тастайды деп ойлады? Оның сабырлылығының сыры неде? Ең салмақты диктордың көпшілік біле бермейтін тағы қандай өнері бар?
-
Қазақстан жаңартылатын энергия көздері саласында өңірлік көшбасшыға айналды – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жаңартылатын энергия көздері саласында өңірлік көшбасшыға айналды. Бұл туралы бүгін XII Kazenergy Еуразиялық форумында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин айтты.
-
Өңірлердегі салық кеңесшілерінің байланыс нөмірлері жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жіберілген SMS-хабарламаларда жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қоса көрсетілуде.
-
Өгей әкесі ұрып тастаған бала үш күннен бері комада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасында өгей әкесі соққыға жыққан 2 жасар бала үшінші күн комада жатқанын хабарлады.
-
Қазақстан OPEC келісімінде көшбасшы болады – ұйымның бас хатшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан OPEC (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) қатарына кіретін және кірмейтін елдер арасындағы мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімде жетекші рөл атқарады. Бұл туралы бүгін XII KAZENERGY Еуразиялық форумының пленарлық отырысында осы ұйымның бас хатшысы Мохаммед Баркиндо айтты.
-
Алматыда жас кітапханашылардың І слеті өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының I слеті өтіп жатыр.
-
Алматыда ірі жол апаты болып, 8 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 5 автокөлік және бір автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды. Салдарынан 8 адам зардап шеккен. Алматы қаласы полиция департаментінде 25 қыркүйек күні болған жол апаты туралы айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
-
Қазақстан Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйыммен келісім бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
-
Кашмирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанға қарасты Кашмир аймағында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті, деп хабарлады Хабар24.
-
Қарағанды облысында тағы бір ер адам құлдықтан құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 59 жастағы Михаил Ақтоғай ауданындағы алыс қыстақта мал бағып, ауыр жұмысқа жегілген, деп хабарлады Astanatv.kz.
-
АҚШ-та ғажайып киіз үй пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Орегон штатының тұрғындары Зак пен Николь қазақы үйді өздері салып, ішіне орналасып алған.
-
Мамин Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Елімізде теміржол билеттері қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады.
-
Ұлыбританияда заманауи қазақ әдебиетінің шет тіліндегі антологиясы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйекте Британия кітапханасында (Лондон, Ұлыбритания) қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
-
Әлеуметтік желілерден келетін қауіп көп – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда технологиялық стартаптарға арналған жарыс өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub Battle жарысы 24-25 қазан аралығында Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында өтеді. Ал жүлде қоры – 30 000 АҚШ долларын құрайды.
-
Ақтөбе бағында жеміс ағаштары отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбенің үш шағын бағында жеміс ағаштары отырғызылады. Бұл істі шаһардың жасыл желек белдеуін арттыруға үлес қосып жүрген белсенді еріктілер атқармақ, деп хабарлады Хабар 24.
-
Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын әлі де жетілдіру керек – көпбалалы ана
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Атаулы әлеуметтік көмек жақсы ойластырылған, алайда оны әлі де жетілдіру керек. Бұл туралы тоғыз баланың анасы Гүлбахрам Балтыкенова BAQ.KZ тілшісімен тілдесу кезінде айтты.
-
Дәрігерлер ісі: Қамауға алынған анестезиолог бостандыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Күдебаев ісіне қатысты қамауға алынған анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты қолхатпен бостандыққа шағарды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
-
Қазақстан елшісі Пәкістан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсыру үшін кездесті.Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
-
Ақмола облысында жемқорлықпен күресушілер ағаш отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Ағаш отырғызған абзал» акциясы аясында Көкшетау қаласында ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.
-
Головкин Деревянченконы нокаутқа түсіруге уәде берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 қазанда өтетін Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. GGG жаңа бапкерінің жұмысына, жекпе-жек өткізу стратегиясы мен тактикасына дән риза екенін айтты, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Мемлекет басшысы "Goldman Sachs" компаниясының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі форумында сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында жоспарланған барлық екіжақты кездесулерден кейін Тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі Форумға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев "Eurasia Group" президентімен технологиялық заманауи трендтерді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркке сапары аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, "Eurasia Group" зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сербияда Қытай полицейлері көшелерді күзетіп жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Белград орталығында өзге елдің полицей формасын киген адамдар пайда болды, деп хабарлады 24.kz.
-
Әбіш Кекілбаевқа арналған мұражай ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Елдар Машырықов мәлімдеді.
-
Еліміздегі ең қарт қалыңдық пен күйеу жігіттің жасы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында АХАЖ 665 неке қию және 1787 ажырасу туралы акт жазбасын ұсынған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Елімізде туберкулезге қарсы вакцина егу тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы екпе егу алдағы қараша айында қайта жалғасады, деп хабарлады 24.kz.
-
Қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 4 жігіт қызды ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал автокөлік қылмыс құралы ретінде мемлекет кірісіне алынды.Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы хабарлады.
-
76 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес, құрылысқа арналған жер берілген күннен бастап 3 жыл ішінде мақсатқа сай пайдаланылмаса, аталған жер учаскесі мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылады, деп хабарлады елорданың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы.
Наверх