Сербияда Қытай полицейлері көшелерді күзетіп жүр

26 Қыркүйек 2019, 03:46
1417
Бөлісу:
Сербияда Қытай полицейлері көшелерді күзетіп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Белград орталығында өзге елдің полицей формасын киген адамдар пайда болды, деп хабарлады 24.kz.

Олар – Қытайдан арнайы келген тәртіп сақшылары. Аталған полиция қызметкерлері енді сербиялық әріптестерімен бірге жаяу жүргіншілерге арналған бас көшені күзетеді. Сонымен қатар орталық саябақ, әуежай мен сауда орталықтарын бақылайды екен. Қытай полицейлеріне деген қажеттілік аталмыш елден келетін туристер легінің артуынан туындапты.

«Қытайдан келген полицейлердің өкілеттігі шектеулі. Олар туристермен арадағы байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі. Себебі қытайлық тәртіп сақшыларының арқасында саяхаттаушылармен тілдесу жеңілдей түседі», - дейді Сербия елінің полицейі Зоран Йованович.

Қытай полицейлерінің Сербияға келуінің тағы бір себебі – Балқан түбегі елдерінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қосылуында. Бүгінде қытайлық компаниялар жергілікті инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырып келеді. Және оны жүзеге асыру үшін қытайлық жұмысшылар тартылады екен.


Өзгелердің жаңалығы