Бала күтуші 5 айлық сәбиді қинап өлтірген

26 Қыркүйек 2019, 17:29
11710
Бөлісу:
Бала күтуші 5 айлық сәбиді қинап өлтірген
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Ресейдің Заводоуковск қаласында болды.

19 қыркүйекте туғанына 5 ай ғана болған кішкентай бүлдіршіннің ата-анасы оны 23 жастағы Виктория Айметдиноваға тастап кетіп, өздері бейіт басына кетіп қалған.

3 сағаттан соң қайтып оралғанда үйде ешкім болмаған. Із-түссіз жоғалып кеткендер бірнеше сағат бойы іздестірілген. 25 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында полицейлер үйге үш шақырым жерде орналасқан орманнан қолында пакеті бар бойжеткенді тауып алған. Қаскөй баланы өлтіріп, оның денесін пакетке салып алған.

«Ол ең әуелі баланы тұншықтырып, сосын өртеп, артынша пышақтап өлтірген», - деп жазылған 72.ru басылымында. 

Қылмыскер жол-жөнекей көлік ұстап, оқиға орнынан қашып кетпек болған жерінен ұсталды. 

Басылымның деректеріне сәйкес, оның таныстары соңғы кездері бойжеткеннің көзіне әртүрлі елестер көрініп жүргенін айтқан. Ол ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін бұндай күйге түскен. 

Ura.ru мәліметінше, қылмыс кек алу мақсатында жасалған болуы мүмкін. Себебі, ол сол үйдің үлкен баласымен 3 жылдай жүрген. Қайғылы оқиғаға дейін 6 ай бұрын олар қарым-қатынасын үзген көрінеді.

Тюменьдік тергеушілер 5 айлық баланы ұрлап кетіп, аяусыз өлтіріп тастаған қыздың есінің дұрыстығына күмәні бар. Ол жауап алу кезінде тергеушілердің сұрақтарына жауап бермей, үнсіз отырды. Енді дәрігерлер оның есінің дұрыстығын тексеретін болады. 


Бұған дейін Виктория екі рет сотты болған. 2014 жылы қыста ол жасөспірім қызды соққыға жыққаны үшін оған айыппұл салынып, түзету жұмыстарына тартылған.

Ал бір жылдан кейін мас күйінде қоғамдық орында былапыт сөздер айтпауын өтінген полиция қызметкеріне жұдырық ала жүгірген. Соттың шешімімен ол шартты түрде 1,5 жылға сотталған.

Ресей ҚК 126-бабы 2 бөлігі «д» пункті бойынша (кәмелетке толмаған баланы ұрлап әкету) қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы