200 мың елордалыққа жол жүру ақысына жеңілдік қарастыру ұсынылды

26 Қыркүйек 2019, 13:10
2428
Бөлісу:
200 мың елордалыққа жол жүру ақысына жеңілдік қарастыру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық мәслихаттың депутаты, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласында студенттерге автобустарда жол жүру ақысын екі есеге төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды. 

Сыдықовтың айтуынша, қалада 14-29 жас аралығындағы 245 мың жас тұрып жатқан көрінеді. Оның 200 мыңы студент. 

«Студенттерге автобустарда жол жүру ақысын 50% төмендетуіміз керек. Бұл жастарға үлкен көмек. Нұр-Сұлтан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын қала. Мұны жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар. Жастардың үкіметке деген сенімі арта түсер еді», - деді ол.

Қазір қала автобустарында карта, sms-пен жол жүру ақысын төлеу құны - 90 теңге де қолма-қол есеп айырысу 180 теңге.


Өзгелердің жаңалығы