Нұр-Сұлтанда технологиялық стартаптарға арналған жарыс өтеді

26 Қыркүйек 2019, 09:37
2854
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда технологиялық стартаптарға арналған жарыс өтеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub Battle жарысы 24-25 қазан аралығында Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында өтеді. Ал жүлде қоры – 30 000 АҚШ долларын құрайды.

 Іс-шараның басты мақсаты – үздік технологиялық стартап-жобаларды анықтау және оларды дамыту үшін ақшалай сыйлықтармен марапаттау.

Өтінімдер Digital Bridge форумының сайтында 2019 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Astana Hub Battle-ға қатысу үшін стартаптардың иелерінде MVP немесе MVO сатысында масштабталатын жоба, сондай-ақ команданың кемінде екі негізгі қатысушысы болуы тиіс.  Бірінші кезеңде өтінімдер іріктеледі, екінші кезең - жартылай финалда жобалар таныстырылымы болады, ал соңғы кезең, яғни финалға 10 стартап-жоба өтеді.

Astana Hub Battle жүлде қоры – 30 000 АҚШ долларын құрайды, бірінші орын — 15 000, екінші орын — 10 000, үшінші орын — 5 000 доллар.

Astana Hub Battle Smart Gaz.jpg

Айта кетейік, өткен жылы Astana Hub Battle жарысында бірінші орынды автомобильден шықпай жанармай құюға және төлем жасауға мүмкіндік беретін АЖҚС жүргізушілері мен иелеріне арналған Smart Gas сервисі, екінші орынды веб-сайттарды мониторингілеу және қорғау бойынша кешенді шешімдер әзірлейтін WebTotem стартап-жобасы, үшінші орынды контрагенттердің адалдығын тексеретін Kompra сервисі иеленген болатын.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың жартылай финалына өткен стартаптар Digital Bridge форумы аясында өтетін «Стартап Аллея» көрмесінде әлеуетті инвесторлар алдында өз жобасын ұсынуға бірегей мүмкіндік алады.

Қатысушыларды іріктеудің критерийлері, сондай-ақ жобалардың басым бағыттары туралы толығырақ www.battle.astanahub.com сайтынан білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 24-25 қазанында Қазақстан астанасында Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Бұл – әлемдік ІТ-қауымдастық үшін Қазақстандағы ең ауқымды оқиға.

Digital Bridge форумы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сандық даму саласында инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру.

Форумға стартаптар, IT-компаниялар, сарапшылар, инвесторлар, бизнесмендер, журналистер, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік секторлардың өкілдері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы