Қарағанды облысында тағы бір ер адам құлдықтан құтқарылды

26 Қыркүйек 2019, 10:58
1669
Бөлісу:
Қарағанды облысында тағы бір ер адам құлдықтан құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 59 жастағы Михаил Ақтоғай ауданындағы алыс қыстақта мал бағып, ауыр жұмысқа жегілген, деп хабарлады Astanatv.kz.

Ауыл кәсіпкері алғашында жалақы төлеймін деп алдап, кейін тіпті дұрыс тамақ та бермеген. Жақындарына хабарласуға да тыйым салыпты. 

«Мен құдықтан құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Жақындарыма телефонмен де хабарласа алмадым. Қыстақтан шыға алмадым», - деді Михаил. 

3 жыл бойы Қарағандыдан 400 шақырым қашықтықтағы қыстақтан аттап баспаған қала тұрғыны полицияның «Стоп трафик» акциясы аясында анықталды. 

Осы кезге дейін ол қысы-жазы малға қарап, қора тазалаған. Денсаулығы нашарлағандықтан ешқайда қашып кете алмағанын айтты. 

Ауыл кәсіпкері жұмысқа шақырғанда жалақы төлеймін деп алдаған. Соңында тіпті дұрыс тамақ та бермегені белгілі болды. Енді ол туыстарына қайтарылмақ. Қыстақ қожайыны Михаилды күшпен ұстап отырғанын мойындаған. Қазіргі таңда ауыл кәсіпкеріне қатысты «Заңсыз бостандықтан айыру» бабымен тергеу жүріп жатыр. 

Бұған дейін 5 жыл бұрын жоғалған адам Қарағандыда құлдықта жүрген жерінен табылғанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы