Елімізде туберкулезге қарсы вакцина егу тоқтатылды

26 Қыркүйек 2019, 01:31
2650
Бөлісу:
Елімізде туберкулезге қарсы вакцина егу тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы екпе егу алдағы қараша айында қайта жалғасады, деп хабарлады 24.kz.

Аймақ дәрігерлері Үндістан дәрісін күтіп отыр. Қазіргі таңда өкпе ауруына қарсы екпе жүргізу еліміздің батысында ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде тоқтатылды. Оған - осыған дейін қолданыста болған жапондық өнімнің әлемнің 35 елінен алынып тасталуы себеп болған. Дәрігерлер туберкулезге қарсы екпенің бала денсаулығы үшін маңызды екенін айтады. Мәселен, соңғы 10 жылда облыста өкпе дертіне шалдыққандар саны 75,5 процентке азайған. Ал балалар арасындағы ауру 89 процентке дейін кеміген. Былтыр облыста 20 мың 88 шақалақ дүниеге келсе, соның 95 процентіне туберкулезге қарсы екпе егілді.

«Вакцинация БЦЖ алған балалардың арасында статистикадан белгілі асқынудың түрлері аз болады. Ең қауіпті асқынулардың бірі туберкулезді менингит. Дисимерлі туберкулез. Осы вакцинацияның арқасында айтып өтуге болады осындай асқынулар біздің Маңғыстау облысында 10 жыл шамасында тіркелген жоқ»,- дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бөлім меңгерушісі Қарашаш Зарқұлова.

Өзгелердің жаңалығы