Ақтөбе әкімі егілген әрбір ағашқа құжат жасауды ұсынды

26 Қыркүйек 2019, 14:45
2172
Бөлісу:
Ақтөбе әкімі егілген әрбір ағашқа құжат жасауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мавр Абдуллин ұрандап жаппай ағаш отырғызудың шығынға батыратынын айтты, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Қалалық мәслихат депутаттарының алдында сегіз айлық жұмысын қорытындылаған Мавр Абдуллин көгалдандыру жұмыстарын құжаттандыру мәселесін көтерді. 

«Егілетін тал, көк шөптің барлығына суаратын желілерді жасау керек. Жылда «уралап» жетпіс мыңдап тал егіп тастаймыз. Оны ешкім суармайды. Тал қурап, бәрі жайына қалады. Суару жүйесін дайындайтын болсақ сол жерге қанша, қандай тал егелетіні жоспарланар еді. Талдың құжаты болса есепсіз алынбайды. Құжатсыз есепсіз алынып осындай жағдайға ұрындырып жатыр», - дейді қала әкімі Мавр Абдуллин. 

Өзгелердің жаңалығы