Еліміздегі ең қарт қалыңдық пен күйеу жігіттің жасы белгілі болды

26 Қыркүйек 2019, 01:46
2283
Бөлісу:
Еліміздегі ең қарт қалыңдық пен күйеу жігіттің жасы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында АХАЖ 665 неке қию және 1787 ажырасу туралы акт жазбасын ұсынған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Жеңіс Шақатов мәлім етті.

«Бүгінде мың некеге 670 ажырасудан келеді. Сондай-ақ, тоғыз қалыңдық 16 жасында, үш күйеу жігіт 17 жасында өз қарым-қатынасын тіркеді. Ең қарт қалыңдық 79 жасқа толды, ең қарт күйеу жігіт - 73 жаста», - дейді Жеңіс Шақатов.

Департамент берген ақпарат бойынша, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 4351 адам қайтыс болған. Оның 53%-ы - ер адамдар. Өлімнің негізгі себебі - қан айналымы жүйесінің аурулары, ісіктер мен тыныс алу органдарының аурулары. Осы уақыт аралығында аймақта 6725 сәби дүниеге келді. 100 қызға 107 ұл баладан келеді. Сонымен қатар, облыста 72 егіз және бір үшем туған.


Өзгелердің жаңалығы