Қазақстан елшісі Пәкістан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

26 Қыркүйек 2019, 08:42
1852
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Пәкістан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсыру үшін кездесті.Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кездесу барысында Пәкістан Президенті елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі мемлекеттің ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуына және Қазақстан-Пәкістан әріптестігінің дамуына қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, А. Рахметуллин жылы лебізін білдіріп, Қазақстанда болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Тараптар сондай-ақ саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс- қимылды дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

«Кездесу соңында А. Алви Елбасы Н. Назарбаевқа және Қазақстан президенті Қ. Тоқаевқа жүрек жарды тілегін жеткізді, сондай-ақ елшіге Қазақстан- Пәкістан ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы