Қостанайда құны 5 млрд теңгеден асатын ет комбинаты салынып жатыр

26 Қыркүйек 2019, 19:38
1967
Бөлісу:
Қостанайда құны 5 млрд теңгеден асатын ет комбинаты салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдың солтүстік өнеркәсіптік аймағында "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС компаниясы қуаты жылына 110 мың бас ірі қара мал және 132 мың бас ұсақ мал өңдейтін заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысын жүргізілуде.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Instagram парақшасына жазған. 

«Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі жиналыстан кейін, жақында мен қала кәсіпорындарын қарап шықтым. Қостанай қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында «Beef export group» ЖШС компаниясы қуаты жылына 110 мың бас ірі қара мал және 132 мың бас ұсақ мал өндейтін заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысын жүргізілуде», - деді ол.

Бұл жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеке және тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны 5,3 млрд теңге.  

«Мүдделі мемлекеттік органдарға осы жобаны іске асыруда барынша қолдау көрсетіп, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары негізінде жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Сондай-ақ, «Қарасу Ет»ЖШС ет өңдеу кешенінің өндірісімен таныстым. Кәсіпорын етті қайта өңдеумен және шұжық өнімдерін дайындаумен айналысады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5000 тонна ет өңдейді», - деп жазды әкім.

Өзгелердің жаңалығы