Нұр-Сұлтанда әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері оқытылды

26 Қыркүйек 2019, 18:55
1797
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері оқытылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астананың «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында әйелдердің көшбасшылық мектебінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

Бұл жолы қатысушылары әлеуметтік кәсіпкерлікті талқылады. Кездесуді белгілі коуч, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров жүргізді.

«Шын мәнінде масыл болғысы келмейтін әйелдер бар. Біздің міндетіміз оларды қолдау. Бізге келгенде өз тарапымыздан оларға көмектесіп, оқытып және ақпараттық қолдау көрсетуге тырысамыз. Мен әлеуметтік кәсіпкер болғандықтан, мақсатым ақша табу емес, проблеманы шешуге көмектесу. Әйелдер өз еңбегімен ақша табуға жігерлендіру үшін осы тақырыпты насихаттауға тырысамыз. Олардың әлеуеті көп, сондықтан сол қырларын ашып және жүзеге асыра білу керек», - деді Эмин Әскеров.

Айта кетейік, Әйелдердің көшбасшылық мектебі елордалық Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Даму» қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ-мен ұйымдастырылды.

«Әйелдердің көшбасшылық мектебін құру кезінде белсенді әйелдерді жинау туралы алдын ала хабарлама бердік. Барлығы 70-дан астам анкета жиналды. Олардың сұраныстарымен танысқан соң, жұмыс жоспарып құрып, екі отырыс өткіздік. Алғашқы отырыста қатысушылар Рысты Жұмабековамен кездесті. Ол өзінің жоғары дәрежеге қалай жеткенін айтып, көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керектігі туралы пікірімен бөлісті. Екінші отырыста психолог әйелдердің жақсы қасиеттерін ашты. Біз әйелдердің үйде отыра бермей, белсенді болып, қоғамның барлық саласына араласып, жан-жақты дамығанын қалаймыз», - деді «Даму» қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ-ның директоры Анар Бітебаева.

Оның айтуынша, мектеп шеңберіндегі келесі кездесу Баян Ахметжановамен өтеді. Ол қатысушыларға тайм-менеджмент пен уақытты бағалау туралы үйретеді. Жоба ұйымдастырушылар тағы бір отырысты арт-терапия маманының қатысуымен өткізуді жоспарлап отыр.


Өзгелердің жаңалығы