Все новости за 23 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етуіміз қажет"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясында сөз сөйлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымын сынға алды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мінберінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры, халықаралық іздеуде болған Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жел, найзағай, жаңбыр: бірнеше өңірде ескерту жасалды
Синоптиктер 24 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше облысында екпіні күшті жел, шаңды дауыл, найзағай, жаңбыр мен тұман болатынын болжап, ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті
Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сотталғандар бизнес ашуға арналған грант ұтып алды
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдік деңгейдегі сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді
Астанаға аты аңызға айналған сумо өкілі, моңғол балуаны Хакухо Сё (шын аты – Мунхбатын Даваажаргал) келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында әскери оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты
23 қыркүйекте Жетісу гарнизонында әскери дайындық сабақтары кезінде десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет ететін сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қауіпті сапар: 13 жасар бала ұшақтың шасси қуысына тығылып, 90 минут ұшқан
13 жасар бала ұшақтың шасси бөлімінде отырып ұшып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі azertag-қа сілтеме жасап.
-
Энергетика мен технология: Америка компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласын қалай өзгертуде?
Америкалық компаниялар Қазақстандағы мұнай-газ жобаларына белсенді қатысып, елге технологияларды дамытуға және жаңа нарықтарды игеруге көмектесуде. Сарапшылардың айтуынша, бұл ынтымақтастық экономиканы өсіру мен Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік туғызады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Руслан Желдібай: Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары 11 келісім мен меморандумға қол қойды
Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Digital Bridge 2025: Қазақстанның жаңа технологиялық бағыты – Generative Nation
2–4 қазан аралығында Астанада жасанды интеллект тақырыбына арналған Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық форум Digital Bridge 2025 өтеді. Биылғы форум ауқымы кеңейіп, негізгі үш күнге қоса AI Week апталығы өтеді. Әлемдік корпорациялар мен халықаралық ұйымдар қатысатын бұл апталық жаңа идеяларға жол ашпақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Енді көлік тарихын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады
Енді қазақстандықтар көлік тарихын "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы тексере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлыбританиядан алтынмен оралған боксшыларға Астана әкімі 30 млн теңге сыйақы берді
Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында 2025 жылғы Ливерпульдегі (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына шыққан астаналық спортшыларды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғалымдар қазақ ым тілін үйрететін алғашқы онлайн платформа жасап шықты
Медет Мұқышев – Назарбаев университетінің PhD студенті, AI-Ym платформасының негізін қалаушылардың бірі. Ол BAQ.KZ тілшісіне жобаның кімдерге арналғанын және қандай пайдасы барын айтып берді.
-
Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Павлодар облысында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ертең мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды
24 қыркүйек күні мектеп оқушылары су құбырларына жүргізілетін дезинфекция жұмыстарына байланысты бір күн қашықтан оқиды. Сабақтар онлайн платформалар арқылы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарттар күніне орай зейнеткерлер біржолғы әлеуметтік көмек алады
Қарттар күніне орай астаналық зейнеткерлер біржолғы әлеуметтік көмек алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда алғаш рет теңгемен қамтамасыз етілген стейблкойн іске қосылды
Қазақстанда ұлттық валютамен номинацияланған алғашқы стейблкойн іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңбыр жауса көлік батады: Алматыдағы Аманжол көшесіндегі мәселе қашан шешіледі
Жаңбыр жауса асфальт шөгіп, көліктер бататын Алматыдағы Аманжол көшесіндегі мәселе қашан шешіледі? Бұл сұраққа қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Нью-Йорк көшесінде Франция президенті жолда тұрып қалды
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясынан қайтып келе жатқан Франция президенті Эммануэль Макронның кортежі бірнеше минутқа жолда бөгелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еңбек адамы мен экологияның символы: AMANAT трамвайы павлодарлықтарға қызмет көрсетуде
Павлодар көшелерінде ерекше трамвай пайда болды. «AMANAT» партиясының брендтелген көлігі жұмысшы мамандықтарын қолдаудың әрі экологиялық таза қоғамдық көлікті насихаттаудың жаңа символына айналды.
-
Қытайда 100 тонна шоколадтан тұратын музей көрсетілді. Көрмеде не бар?
Қытайдың Сиань қаласындағы әйгілі Datang Everbright City кешеніне күн сайын мыңдаған турист келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Сиань қаласынан.
-
Қазақстанда жүк тасымалының көлемі 8 айда 9,8% өсті
2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасында жүк тасымалының көлемі 753 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% артты. Барлық көлік түрі арқылы жүк пен багаж тасымалдаудан түскен кіріс 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады?
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының басталғанын жариялады, деп хаарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында 82 жетім мен жүздеген мұқтаж жанға пәтер берілді
Қарағанды облысында прокуратураның араласуымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұрған 298 азамат баспаналы болды. Оның ішінде 82 пәтерді жетім балалар иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұмыста өзгенің тәттісін жеген қызметкер сот алдында жауап берді
Қызметкер 280 теңге шамасындағы екі тәтті жегені үшін «ұрлық» айыбымен сотқа тартылып, қоғамда заңның шамадан тыс қаталдығы туралы пікірталас туғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.
-
Компания жамбылдық тұрғынға 92 млн теңге төлеуді "ұмытып кеткен"
Жамбыл облысында сот еңбек дауына қатысты даулы істі қарады. Ер адам сот арқылы жұмыс беруші ЖШС басшысынан төленбеген еңбекақысы үшін 92,3 млн теңгені өндіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өртенген полигон: Қазақстан неге тағы да қоқыс мәселесіне тап болды
Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болған өрт елдегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Экологтар мен билік жағдайды сындарлы деп бағалап, шұғыл шараларды атады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Дүкендерде азық-түлік бағасын төмендететін арнайы сөрелер пайда болады
Қазақстан дүкендерінде арзандатылған бағамен азық-түлік сөрелері пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан әлемдік IQ рейтингінде нешінші орында?
Қазақстан 2025 жылғы орташа IQ деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 65-орынға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Energyprom-ға сілтеме жасап.
-
Жер сілкінісі болды
Сан-Франциско шығанағы аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары" ұғымы алынып тасталуы мүмкін
Қазақстанда бұдан былай "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары" болмауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ет бағасы қанша болады? Министр жауап берді
Үкіметте өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстандағы ет нарығына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министрлер етті қайдан сатып алатыны белгілі болды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өткен брифингте өзі етті қаншаға сатып алатынын және неліктен бағалардың айырмашылығы соншалықты үлкен екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әкімшілік істен қылмысқа дейін: "Жанабыловтар ісі" қоғамға қалай әсер етті?
Қазақстандағы ең танымал блогерлердің бірі Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегенова өткізген ойын ұтысы сотқа жетіп, әкімшілік іс қылмыстық тергеуге берілді. Бұл жағдай қоғамда блогерлердің жауапкершілігі, лотерея ұйымдастыру заңдылығы және интернет кеңістігін реттеу қажеттілігі жайлы кең талқылау туғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл картоп қымбаттамайды – Ауыл шаруашылығы министрі
Үкіметте өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елдегі картоп бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АШМ: Киік еті сатылымда бар
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда киік етінің қаншалықты сұранысқа ие болатынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық шаруаларға 860 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді
Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ауыл шаруашылығы өндірушілерін жанармаймен қамтамасыз ету туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АШМ: Ет экспортына квота енгізу ішкі бағаға әсер етпейді
Қазақстанда ет экспортына квота енгізу ішкі нарыққа теріс әсерін тигізбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев пен Трамп не жайлы әңгімелесті: Саясаттанушы болжам жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары аясында БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дебаттар алдында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев президенттер қандай мәселені талқылағанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құс еті қымбаттамайды – АШМ
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте құс етінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қоқыс, көгерген иіс пен кір: Алматыдағы мектеп асханасы ата-аналарды шошытты
Желіде Алматыдағы №65 мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналары оқу орнының асханасындағы өрескел антисанитариялық жағдайға шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ет бағасын көтеретіндерге шара қолданамыз – министр
Қазақстанда ет бағасын өсірген делдалдар айыппұл арқалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан қысқа дайын ба?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында Қазақстанның жылыту маусымына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауа райы егін сапасына әсер етпеуі тиіс – Бектенов тапсырма берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында егіс жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру туралы министрліктер мен әкімдіктерге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Салонында егеуқұйрық жүрген ұшақ рейсі үш сағатқа кешікті
Ұшақ салонынан егеуқұйрық табылып, рейс үш сағатқа кешіккен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.
-
Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай тұрақталып тұр – министр түсіндірді
Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай тұрақтандырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 1 млрд долларлық күнбағыс зауыты іске қосылады
2028 жылға қарай Қазақстанда дүние жүзінде үштікке кіретін ең ірі күнбағыс майы компаниясы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Франция Палестинаны мойындады, Air India ұшағының апатын тергеу
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Бүгін "Қайрат" пен "Реал" билеттері сатылымға шығады
Бүгін сағат 17:00-ден бастап алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» ойынына билеттер сатылымға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан өзін азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отыр – министр
Қазақстанда өзін негізгі азық-түлік тауарларымен толықтай қамтып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қыркүйек соңында Қазақстанда жаңбыр мен аяз күтіледі
Үкімет отырысында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәбиев қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АШМ: Биыл майлы дақылдар рекордтық көлемге жетеді
Қазақстанда қазірдің өзінде 700 мың тонна майлы дақылдар жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Толассыз жаңбыр: Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды
Алматыда 23 қыркүйектен бастап 24 қыркүйектің таңына дейін нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда биылғы астық көлемі 24 млн тоннаға жетеді
Қазақстанда биылғы астық көлемі 24 млн тоннаға жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қошқар-Ата" аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады
Маңғыстау облысында "Қошқар-Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазан айынан бастап 640 гектар жерге 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылып, заманауи суару жүйесі орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған
Түркістан облысында азаматтар мүліктері мен табысы бар отбасы мүшелерін жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тарихи жеңіс: Шымкент әкімі чемпиондарды құттықтап, пәтер мен автокөлік кілттерін табыстады
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әлем және Азия чемпиондарын құттықтап, автокөліктер мен құнды сыйлықтар табыстады. Қазақ спортшыларының тарихи жеңісі ел абыройын асқақтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам ағзаларын саудалаған қылмыстық топ ұсталды
Адам ағзаларын саудалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Өзбекстан ІІМ-ге сілтеме жасап.
-
Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Елордада тұрғындар үшін тағы бір ерекше қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Ол Сарайшық ауданының Р. Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығында орналасқан. Мұнда жаңартылған жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолағы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,8 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 897 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек жәе халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде ұшқыштар даярлайтын институттың 100-ден аса түлегі офицер атанды
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектеріне офицерлік атақ беру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы Заң әзірленуде
Қазақстанда "Мүмкіндігі шектеулі балаларды (тұлғаларды) кешенді қолдау туралы" жаңа Заң жобасы дайындалып жатыр. Құжат Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына және Парламент Сенаты депутаттарының бастамасына сәйкес әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай болжанса, бес қалада ауа сапасының нашарлау қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Үндістан Жоғарғы соты: Air India ұшағының апатын тергеу "жауапсыз" жүргізілген
Үндістанның Жоғарғы соты маусым айында 261 адамның өмірін қиған Air India ұшағының апатын тергеу барысын "жауапсыз" деп бағалады. Бұл туралы ВВС арнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде полицейлер орманда адасып кеткен зейнеткерді тапты
Семейде саңырауқұлақ теруге шыққан 61 жастағы әйел орманда адасып кетіп, полицейлердің көмегімен аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұтынушы құқығын қорғау: Банк саласындағы өзгерістер
Елімізің банктерінде клиенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімшелер құру міндеті іске асырыла бастады. Бұл қадам қаржы ұйымдарының қызметін клиентке барынша ашық етуге, дауларды алдын ала шешуге және сотқа жүгінетін жағдайларды азайтуға бағытталған. Бөлімдер қалай жұмыс істейтіні жайлы шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Nvidia OpenAI-ге 100 млрд долларға дейін инвестиция жасамақ
Nvidia компаниясы жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарын салу аясында OpenAI-ге 100 миллиард долларға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр.
-
Зеленский Президентпен кездесуден кейін Қазақстанға алғыс айтты
Украина басшысы Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Қазақстанға алғысын жеткізді.
-
Қазақстаннан Өзбекстанға бензин экспорты жүзеге асырылмайды – Энергетика министрлігі
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан бензинін Өзбекстан сатып алып жатыр деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
-
Тоқаев FIFA президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді.
-
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Еуропадағы аптап ыстық: 2024 жылы 62 мыңнан астам адам қаза тапты
Еуропалық ғалымдар 2024 жылдың жазындағы аптап ыстықтың кесірінен 62,7 мың адамның көз жұмғанын анықтады. Бұл деректер Nature ғылыми журналында жарияланған зерттеуде келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев пен Зеленский екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайды – Тоқаев
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астана әуежайында әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиді салтанатты түрде қарсы алды
Бүгін түнде Астана халықаралық әуежайында грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен ұлттық құрама спортшылары мен бапкерлері туған еліне оралды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қар, бұршақ, нөсер: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Парижде "Алтын доп" иегерлері анықталды
Париждегі Шателе театрында өткен салтанатты рәсімде 2025 жылғы футбол маусымының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының директорын қабылдады
Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Embraer компаниясының президентімен жүк тасымалдау саласын талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Франция Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады
Франция Президенті Эммануэль Макрон Израиль – Палестина қақтығысын шешуге арналған БҰҰ саммитінде өз елінің Палестина мемлекетін мойындағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев АҚШ Сауда палатасының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Президент: АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық жасау ниетімізден айнымаймыз
Нью-Йоркте өтіп жатқан америкалық бизнес өкілдерімен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениетке бизнес тарапынан қолдау көрсету мәселесін де қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан өңірлік ІТ-хабқа айналады – Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке және цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласында Еуразияда көш бастайтын ІТ-хабқа айналдыру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наверх