Все новости за 4 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абай облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Абай облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, боран және көктайғақ: Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ертең, 5 желтоқсанда Астана қаласы мен 16 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап, көз жұмды
Маңғыстау облысында құрылыс барысында қайғылы оқиға болды. Бұл деректі облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматы әуежайына кіру бір аптаға ішінара шектеледі
Алматыда Бейімбет Майлин көшесі жағынан халықаралық әуежай аумағына кіру мен шығу 4-11 желтоқсан аралығында уақытша ішінара жабылады. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
WorldSkills Kazakhstan 2025: Астанада кәсіби шеберлік додасының алғашқы күні қалай өтті?
Бүгін X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатының алғашқы күні таңғы сағат 9:00-де басталып, бірден 45 құзыреттілік бойынша сайыстарды іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Әлемдік инфляция және орталық банктердің қатаң саясаты: экономист талдауы
Азық-түліктің әлемдік бағасы қазір жоғары деңгейде. Бұл туралы экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбыл облысында үш баланы азаптаған өгей әке сотталды
Жамбыл облысында Талас аудандық соты кәмелетке толмаған үш баланы жүйелі түрде азаптаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Инфляция неге тоқтамай тұр? – сарапшы түсіндіріп берді
Еліміз 2025 жылды 18% деген базалық ставкамен аяқтайын деп отыр. Бұл – суверенді республика формасындағы еліміздің отыз жылдық тарихындағы ең жоғары базалық ставкалардың бірі. Экономист, сарапшы Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында базалық ставка мен инфляция деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жүкті әйелдерге вирусқа қарсы дәрілер тегін беріледі
ЖРВИ мен тұмаудың өршу маусымы жалғасып жатыр. Осыған байланысты медицина қызметкерлері жүкті әйелдерге арналған алдын алу шараларын күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ұлы дала": Абайдың 180 жылдығына орай әдеби байқау өтті
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Еуропамен инвестиция, көлік және цифрлық байланыстарды күшейтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен келіссөздер жүргізіп, тараптар бірлескен мәлімдеме жасады. Президент кездесудің емен-жарқын әрі конструктивті өткенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Таза технологиялар: Қазақстан стартаптары халықаралық нарыққа жол ашуда
Астанада GCIP-Kazakhstan 2025 Ұлттық Cleantech форумы өтіп, таза технологиялар саласындағы акселерациялық бағдарламаның биылғы жеңімпаздары жарияланды. Форум GCIP бағдарламасының үш жылдық циклының қорытынды шарасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі бекітілді: мектептер мен балалар мекемелерін не күтіп тұр?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Құжат санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ бақылау тәртібі Кәсіпкерлік кодексінен алынып, салалық заңдарға: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс пен "Бала құқықтары туралы" заңға көшірілді. BAQ.KZ тілшісі бюджет есебінен қаржыландырылатын мектептерді, балабақшаларды, интернаттарды және басқа да балалар ұйымдарын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын анықтады.
-
Антониу Кошта І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
50 млрд долларлық әріптестік: Қазақстан мен ЕО экономикалық дәлізін кеңейтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанадағы Атырау көпірінен әйел суға секіріп кетті
34 жастағы әйелдің суицид жасауға талпынысы тіркелді.
-
Доллар төрт күн қатарынан арзандап келеді – жаңа минимум тіркелді
АҚШ долларының бағамы төмендеуін жалғастырып, 500 теңге деңгейінен төмен тұрақтап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
IV Ұлттық құрылтай – қоғам мен билік диалогының жаңа кезеңі
Биылғы 14 наурызда Бурабайда IV Ұлттық құрылтай өткені белгілі. Тоғыз айға жуық уақытта қандай жұмыс атқарылды, бүгінде құрылтайдың қоғамнан алар орны қандай екенін Ұлттық құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауылдарда таза су жеткілікті – СҚО әкімі
СҚО-дағы ауылдық елді мекендердің 100%-ы сапалы сумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Еуропалық кеңес президентін күтіп алды
Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысымен келіссөз жүргізу үшін Ақордаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстан дәрі өндірісінде шикізатқа толық тәуелді – Сенатта сын айтылды
Бүгінгі Сенат отырысында депутат Жанна Асанова Қазақстандағы фармацевтикалық өндірістің басты мәселесін көтерді. Оның айтуынша, мемлекет отандық компаниялардан толық циклді өндіріс талап етеді, алайда елімізде дәрілік субстанция өндірісі мүлдем жолға қойылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды
Қызылордада балаларға арналған жаңа ерте араласу орталығы іске қосылды. Орталық көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да тексерістен кейін 25 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
Биыл күзде Жоғары аудиторлық палата Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 жылда мемлекеттік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімділігін талдап, 28 млрд теңге көлемінде бұзушылықтардың бар екенін анықтады.
-
Тоқаев заңға қол қойды: фонограммаға тыйым салынды, балаларды қорғау күшейеді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысындағы фермерлерге су көп қажет ететін дақылдарды азайту ұсынылды
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда талапты орындамаған әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін
“Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы” заңға уәкілетті органның талаптарын орындамаған платформалардың қолжетімділігін шектеуге мүмкіндік беретін норма енгізу ұсынылды. Бұл бастама “Онлайн платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"4,5 млн теңге беріледі". Оңтүстіктен Солтүстікке 17 мың адам қоныс аударды
Соңғы 5 жылда ел оңтүстігінен 17 мыңға жуық адам жұмыс істеу мақсатымен Солтүстік Қазақстанға көшкен және олардың 73%-ы жұмыспен қамтылған.
-
Депутат жастарға микрокредит беру талаптарын қатаңдатуды ұсынды
Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында жастарға микрокредиттің шамадан тыс жеңіл берілуі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк теңге курсына қатысты мәлімдеме жасады
Теңге 499-500 деңгейіне дейін нығайды. Инвестициялар көлемі рекорд жаңартты. Ұлттық банк экономикалық саясат пен нарық сенімі валютаға қолдау көрсеткенін мәлімдеді.
-
Солтүстік Қазақстанда 10 мың басқа арналған ірі ферма салынбақ
Солтүстік Қазақстан облысы заманауи сүт фермаларын дамытуда ел бойынша көш бастап келеді.
-
Жер сілкінісі: Алматыда метро жабылды
Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Осыған байланысты қаланың метрополитені уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бибігүл Жексенбай мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты
Сенатор Бибігүл Жексенбай жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы 2027 жылға дейін орындалады – министр
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының елді ауқымды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. Оның сөзінше, бүгінде еліміздің орман қорына 1,4 млрд көшет отырғызылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пәтерді жалға алғанда нені білу керек – заңгер кеңесі
Алматы мен Астана секілді ірі мегаполистердің жылдам қарқыны адамды үздіксіз қозғалыста ұстайды. Біреу оқуға келеді, біреу жұмыс іздейді, енді бірі жай ғана жаңа тұрмыс бастау үшін пәтер жалдайды. Бірақ қарапайым көрінетін бұл процесс – шын мәнінде Қазақстандағы ең даулы, ең қауіп-қатері көп салалардың бірі. Бүгін пәтерді жалға алғанда қандай жағдайларға мән беру керектігін заңгер Бағдат Амандосұлымен бірге BAQ.KZ тілшісі талқылады.
-
Ашық НҚА-дағы заң құжаттары неге толық емес? – министрлік түсіндірді
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова "Ашық НҚА" порталында қолданушылардың толық құжаттар топтамасын неге көре алмайтыны туралы сауалға жауап беріп, түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда алимент өндіретін сот орындаушыларына талап күшейтіледі
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова алимент өндіру мәселесіне қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұнай тасымалдауға шектеу жоқ: министрлік Каспий құбыр консорциумындағы жарылыс туралы
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Сенатта өткен брифингте дрондар шабуылынан кейінгі Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Қытай кедейлікті азайтуда серіктестікті тереңдете алады – елші
Қытай Халық Республикасы соңғы онжылдықта кедейлікті жою бойынша әлемдегі ең ауқымды әрі табысты тәжірибелердің бірін қалыптастырды. Бұл туралы ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жер сілкінді
Бүгін, 4 желтоқсанда, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды кейінге қалдырды
Сенат Қазақстандағы ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу бойынша түзетулерді қамтитын заңды қарауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Автолизинг бастапқы қаржылық жүктемені азайту үшін енгізілген – министрлік
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Автокөлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы техникасы басқармасының бас сарапшысы Гүлжан Әкімбек 1 желтоқсанда енгізілген автолизинг механизмінің қыр-сырын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәннің мазмұны өзгереді: мектепте әскери сабақ күшейді
Қазақстанда тәртіптің мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және Қарулы күштердің оқушыларды қызметке даярлауға қатысуын нығайтатын алғашқы әскери дайындықтың жаңартылған қағидалары бекітілді. Қорғаныс министрі бұйрыққа 4 қарашада қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тегін әрі тиімді: мемлекеттік тілді үйрететін онлайн сабақтар іске қосылды
Қазақстанда этностарға мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін үйренуге қолдау көрсету мақсатында жаңа оқу ресурсы жасалды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл мен этностардың ана тілдеріне арналған бейнесабақтар топтамасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда әкімшілік әділет институты дамиды: Сенат заңды мақұлдады
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздің үздік имамы анықталды
Астана қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен І республикалық “Үздік имам” интеллектуалды білім сайысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедектігі бар адамдар такси қызметін тегін пайдалана алады
2025 жылдың басынан бері Астана мен Алматы қалаларында инватакси қызметіне деген сұраныс айтарлықтай артты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар агрегаторлар арқылы бұл қызметті 443,9 мың рет пайдаланған,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов "Таза Қазақстан" бастамасын жеке бақылауына алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр қызмет барысында қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада "Әміре" музыкалық драмасының премьерасы өтті
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың тарихи жетістігіне арналған жаңа қойылымның премьерасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан уранды қалай қорғайды? Жаңа заңның 5 басты өзгерісі
Қазақстанда уран және көмірсутек саласында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі түбегейлі жаңартылады.
-
Жасөспірімдерді жұлқылап, жәрдемақыға арналған 79 мың теңгені тартып алған әйел сотталды
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғын жасөспірімдерден әлеуметтік жәрдемақысын күшпен тартып алғаны үшін сотталды. Әйелге бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушыларға жаңа жылға қарай демалыс беріледі
Еліміздегі мектептерде оқушылардың қысқы демалысының уақыты анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкенттен Маңғыстауға дейін: Синтетикалық есірткі желілері тоқтатылды
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, синтетикалық есірткі бизнесіне қарсы күшейтілген іс-қимыл жүргізуде. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алтын қоры екі есе өсті: Қазақстан 2026 жылға дейін қайта өңдеуді қалай күшейтпек?
Қазақстанда алтын өндірісі соңғы 3 жыл қатарынан тұрақты деңгейде болып отыр.
-
JLo мен Backstreet Boys Қазақстанға қандай өзгеріс әкелді? – Зерттеу
Астана мен Алматыда өткен шетелдік орындаушылардың концерттері тұтынушылық белсенділікке ықпал етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 77 мектеп салынды
Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мыңнан астам оқушыға арналған оқу орны іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалім аттестациясы: Жаңа ереже қашан енгізіледі?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс кулуарында мұғалімдерді аттестациялау тәртібіне енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда тұрғын үй көмегінің жаңа ережелері күшіне енді: нені білу керек?
Қазақстанда аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі жаңартылды. Мемлекеттік төлем тұрғын үйге кететін шығындарды, коммуналдық қызметтерді және мемлекеттік қордағы тұрғын үйді жалдау ақысын өтеуге бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – әлеуметтік осал топтарды қолдау және процесті цифрландыру арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетақы қаржысын енді көз емдету үшін де шешуге болмайды
Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеу үшін өтінім қабылдау 4 желтоқсаннан бастап тоқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ресей Roblox платформасын бұғаттап тастады
Роскомнадзор (Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау жөніндегі федералды қызметі) танымал онлайн платформа Roblox-ты бұғаттады, оны «экстремистік материалдар мен ЛГБТ насихатын» таратты және кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсету қаупін тудырды деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасай отырып.
-
Президент тапсырмасы: Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
-
Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді
Қазақстанда киік саны келесі жылы төлдеуден кейін 5 миллионға жетеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды. Бұл туралы BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мелания Трамп пен Илон Маск АҚШ азаматтығынан айырылуы мүмкін
АҚШ-тың республикашыл сенаторы Берни Мореноның қос азаматтыққа тыйым салу туралы заң жобасы бірқатар америкалық атақты адамдарға әсер етуі мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ Newsweek журналына сілтеме жасай отырып.
-
Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша АҚШ-тың кейбір ұсыныстарын қабылдады – БАҚ
Кремль президент Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған кейбір АҚШ ұсыныстарын қабылдағанын және басқаларын қабылдамағанын, бірақ Ресей келісімге келу үшін америкалық келіссөз жүргізушілермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ батыс және ресейлік БАҚ жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Каспийде бекіре аулауға тыйым салу талабы 2026 жылға дейін ұзартылды
24-26 қараша аралығында Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында Каспий маңындағы бес мемлекеттің өкілдері Каспий теңізінің су биоресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 9-шы сессиясында кездесті (Каспий комиссиясы), деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Австралиядағы алтын кенішін құмды дауыл басып қалды
Жақында австралиялық кеншілер Солтүстік территориядағы Танами шөлінде құмды дауылға ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ 19 елден келген иммиграциялық өтініштерді қарауды тоқтатты
Трамп әкімшілігі "жоғары тәуекел" санатына жатқызылған 19 елдің азаматтары берген барлық баспана беру туралы өтініштер мен иммиграциялық көмек туралы өтініштерді тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасай отырып.
-
Алматыда дүкен мен тұрмыстық ғимарат өртенді, 5 адам зардап шекті
Хасанғалиев көшесіндегі "Жас-Қанат" шағын ауданында тұрмыстық ғимараттар мен алдын ала мәлімет бойынша 80 шаршы метр алаңды алатын дүкен өртенді. Медициналық көмекке бес адам жүгініп, барлығы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтық: полиция қазақстандықтарға үндеу жасады
Полиция банктермен, "Қазпошта" және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, азаматтарға интернет алаяқтықтың жаңа схемалары бойынша алданып қалмауы туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазгидромет күрделі ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады
Қазақстанның 14 облысында 4 желтоқсанға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наверх