Все новости за 14 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тұман және боран: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 15 қарашада Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Ислам ынтымақтастық ойындары: Тұрар Дүйсехан алтын медаль жеңіп алды
Қазақстанның муай-тай құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ташкентте "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының премьерасы өтті
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсының тұсаукесері өтті. Бұл қойылым Орталық Азияның мәдени кеңістігіндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Белгілі ақын Күләш Ахметова өмірден өтті
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова дүниеден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери ант қарсаңында 600 жас сарбаз ең ауыр сынақтардан өтті
Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының 600-ден астам жас сарбазы алғаш рет жауынгерлік дайындық бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу жоспарына қол қойылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ - Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы мен Шымкент арасындағы жол төрт жолақты болды
Алматы облысында 42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» жолының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана қоқысқа батып жатыр: Тағы бір депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Астанадағы тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің формалды түрде ғана жұмыс істеп тұрғанын айтып, жағдайды шұғыл реттеуге шақырды. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен жиында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ChatGPT лотерея ұтуға көмектесті
АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын зейнеткер Кэрри Эдвардс Powerball лотереясында ChatGPT ұсынған нөмірлерді қолданып, 150 мың доллар ұтып алды. Алайда ол күтпеген олжасын түгелдей үш қайырымдылық ұйымына аударуды шешкен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қыздардың шотын төлеп, "жомарттық" жасаған жігіт жауапқа тартылды
Астанада түнгі клубта қыздардың ақшасын ұрлап, сонымен олардың шотын төлеген жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада жас шаштараз шеберлері бақ сынады
Жұмысшы мамандар жылы аясында елордада жас шаштараз шеберлері сынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ: Күн сайын 6 қылмыс пен 1 апат болады
Осы аптада елімізде 918 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалпы қылмыстық сипаттағысы – 727- ні құрап отыр. Сондай-ақ 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, қаза тапқандар саны – 17-ге , ауруханаға жатқызылғандар саны – 43-ті көрсетіп отыр. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» жобасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аралды қалпына келтіру: Сексеуіл егу жобасы қалай жүзеге асып жатыр?
Арал теңізінің құрғаған табанында (АТҚТ) орман-мелиорациялық жұмыстардың күзгі кезеңі басталды. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1,1 млн гектар аумақта сексеуіл алқаптарын құру жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет бекіткен 17 ірі жобаның жалпы құны 16 трлн теңгеге жетті
Қазақстанның Даму банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жасылдар партиясы саяси кеңестің жаңа құрамын бекітті
Елордада Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы Астана қалалық филиалының IV конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда полигондардың 80%-ы экологиялық талаптарға сай емес
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев Мәжілісте өткен жиында еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы негізгі проблемаларды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Келешек мектептерінде инклюзия кабинеттері қандай болады?
Адилия Капизова – 2018 жылдан бері инклюзивті білім беру саласында жұмыс істеп келеді. Бүгінде “Келешек мектептері” жобасы аясында салынған Астана қаласындағы №102 мектептің педагог-ассистенті. Ол BAQ.KZ тілшісіне өзі жұмыс істейтін мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін таныстырды.
-
Орталық Азияда креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құру ұсынылды
Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мобильді аударым: Кімнің шоты тексеріледі?
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдегендей, бұл тетік жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтап, көлеңкелі айналымды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс жиналады
Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық пайда болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев Мәжілісте өткен жиында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда "жарылыс жасаймын" деп қорқытқан жас жігіт ұсталды
Алматы полициясы дін бірлестіктерінің қызметіне байланысты жарияланым астында жарылыс жасауға қатысты қорқыту сипатындағы пікір қалдырған 19 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ташкентте Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мектептерде маска режимі енгізілді ме? – Ресми жауап
Астана қаласының Білім басқармасы осы мәселеге қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев пен Мирзиёев: Ташкенттегі ресми кездесу
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Қағаз да, бөтелке де бір қоқысқа кетіп жатыр": Депутат сұрыптау жүйесі туралы
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы басты мәселе – қоқыстың дұрыс сұрыпталмауы және осыған байланысты өңдеу зауыттарының тиімді жұмыс істей алмауы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғимарат төбесіндегі дрифт: Шымкенттік азамат көлікпен 12 қабатқа “көтерілді”
Шымкентте 12 қабатты ғимараттың үстіне шығып, дрифт жасаған жүргізуші анықталды. Қауіпті маневр адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіргені үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұмау кезінде қалай тамақтану керек?
Тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекция өршитін кезеңде дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
-
Мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты
Үлкен Алматы айналма жолына шығатын бөліктің маңында мопед пен жүк көлігі соқтығысып, арты қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда "отбасыңа қауіп төнеді" деп 700 мың доллар бопсалаған күдікті ұсталды
Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны полицияға белгісіз адамдардың қысым көрсеткені туралы шағымданған. Оның айтуынша, олар кәсіпкерге және оның отбасы мүшелеріне күш қолданатындарын айтып, 700 мың АҚШ долларын талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысындағы ауылда полицейлер топталды: ПД себебін түсіндірді
Желіде Қарғалы ауылында бір үйдің жанында полицейлердің көп шоғырланғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесімен танысты
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Енді несие алу қиындай ма? – Қазақстан банктерінде қарыз беру ережелері өзгерді
2025 жылғы 7 қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің кредиттік тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жаңа талаптар несие алушылардың кірісін, қарыздарын, төлем тарихын және қаржылық тұрақтылығын талдауды міндеттейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев агросектордың 30 үздік өкіліне мемлекеттік наградалар табыстады
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Заңгер: Адвокатураны күшейтпей, әділдік орнамайды
Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, заңгер Айжамал Мыңжасар елордада өткен «Елдің жоғарғы заң шығарушы органына – жаңа серпін және жаңа тыныс» атты дөңгелек үстелде елдегі адвокатураны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту жұмысын тездету қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын жоғары технологияға негіздеп дамыту және өңделген өнім өндірісін арттыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Биыл ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие 1 триллион теңгеден асты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру мен заманауи техниканы қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Туды өртеп, алауыздық тудырды: Алматы облысында 12 адам қамауға алынды
13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында рұқсатсыз жиын кезінде мемлекеттік ту мен шетелдік басшылардың суреттері өртелді. 12 адам әкімшілік қамауға алынды, 6 адам айыппұл төледі. Қылмыстық іс қозғалды, деп жазады BAQ.KZ.
-
Президент кәсіпкерлерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Зумерлер әлде бумерлер: Қазақстанда кімдер ең көп жалақы алады?
Қазақстанда 2025 жылы ең жоғары орташа жалақыны орта жастағы қызметкерлер және жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алған мамандар алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Energyprom-ға сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына берілуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы 27 миллион тонна астық жинаған диқандарға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда 2026 жылы құжат алу қанша болады?
Жаңа 2026 жылда құжат жасау ақысы қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылдан бастап қарызын төлемей жүргендердің зейнетақы шоттары бұғаттала бастайды
Қазақстан Үкіметі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті және кәсіптік зейнетақы аударымдарына жаңа тәртіп енгізетін қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парламенттік реформа: белгілі заңгер жергілікті элиталардың ықпалын шектеу қажеттігін айтты
Заң ғылымдарының докторы, профессор, адвокат Бахтияр Бөлеулиев елордада өткен «Елдің жоғарғы заң шығарушы органына – жаңа серпін және жаңа тыныс» атты дөңгелек үстелде жаңа парламенттік реформа туралы өз пікірін ортаға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Белгілі заңгер судьялардың ерекше иммунитетін алып тастауды ұсынды
Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Сәрсембаев Қазақстанның жаңа Парламентке көшуі мен құқық саласындағы реформаның шешуші тұстарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әйел ChatGPT-дегі кейіпкеріне “тұрмысқа шықты”
Жапонияда 32 жастағы Кано есімді әйел ChatGPT арқылы жасаған виртуалды кейіпкермен символдық үйлену рәсімін өткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.
-
Бірпалаталы Парламент: Құқықтық жүйе үлкен сынаққа дайын ба?
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстан бірпалаталы парламентке өткен соң құқықтық жүйенің қандай өзгерістерге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Банкаралық бірыңғай QR жүйесі қашан іске қосылатыны белгілі болды
Банкаралық QR жүйесі 2026 жылдың І тоқсанында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
“Техникамыз күйді”: Алматының бір бөлігінде кешеден бері жарық жоқ
Алатау ауданының бір бөлігінде кешегі кешкі уақыттан бері жарық жоқ. Әбігерге түскен тұрғындар лифтте қалып қойғандықтарын, техникаларының күйгенін айтып, шағымдарын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарапшылар Қазақстан парламентаризмінің жаңа кезеңін талқылады
Елордада "Елдің жоғарғы заң шығарушы органына – жаңа серпін және жаңа тыныс" атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Судан қақтығысы, Ұлыбритания саясаты, Трамп пен Эпштейн деректері
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәуліктегі әлем жаңалықтарына шолу ұсынады: COP30 климат саммиті, Судандағы соғыс, Ұлыбританиядағы саяси дау, Трамп пен Эпштейн деректері, АҚШ үкіметінің қайта ашылуы.
-
Иран-Израиль шиеленісі: Сарапшы соғыс қаупін бағалады
Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс жаңа соғысқа ұласуы мүмкін деген қауіп күшейді. Мұндай қақтығыс бүкіл Таяу Шығыстың саяси картасын өзгертетіні сөзсіз. Профессор Доктор PhD, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Оспанова аймақтағы жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін, ядролық дағдарыстың қай деңгейге жеткенін және бұл процесс Қазақстанға қалай әсер ететінін BAQ.KZ тілшісіне айтып берді.
-
Қытай роботтарды қалай оқытады?
Қытай жасанды интеллект пен робототехникада жаңа дәуірге аяқ басты. Адамтектес роботтарды шынайы ортада оқыту, деректер жинау және өндірісті модельдеу – мұның барлығы Уси қаласындағы жаңа орталықта жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қытайдың Уси қаласынан.
-
Оқушылар 10 күн демалатын болды
Қазақстандық оқушылар қыста 10 күн бойы демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ-өзбек достығы: Ташкент көшелері Қазақстан туымен безендірілді
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарына дайындық жүріп жатыр. Өзбекстан астанасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы ресми сапарына қызу дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су жаңа Shacman жүк көлігі жүріп келе жатып өртеніп кетті
Алматы – Өскемен трассасында Shacman жүк көлігі техникалық ақаудан өртенді. Жүргізуші аман, зардап шеккендер жоқ. Полиция көліктің техникалық жағдайын тексеруге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамптың туған үйі Нью-Йоркте қомақты сомаға сатылып жатыр
Куинстегі Jamaica Estates ауданында АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп дүниеге келіп, төрт жасына дейін тұрған үй сатылымға қойылды. Бұл ғимаратты оның әкесі Фред Трамп 1940 жылы салған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.
-
"Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы анықталды
"Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жол ережесі: енді ескертуді елемей жолға шыққандар айыппұл төлейді
Келер жылдан бастап жол жабылған кезде ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері 129 мың теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Саакашвили Зеленскийден оны Украинаға қайтаруды сұрады
Михаил Саакашвили Владимир Зеленскийден оны азаматтық әскери тұтқын деп танып, Украинаға қайтаруды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
14 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде 11 тұрғыннан Гонконг тұмауы анықталды
Ақтөбе тұрғындары арасында түсініксіз инфекция тарады. Науқастар дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған соң дәрігерлерге жүгінген. Бұл туралы BAQ.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Депозит пе, алтын ба": Жинақты қайда сақтаған дұрыс?
Ақшаны алтында сақтаудың артықшылығы қандай? Алтынды қайдан сатып алған дұрыс? Бұл сұрақтарды мамандар көмегімен зерттеп көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәтер жөндетуге 100 миллион берген тұрғындар сан соғып қалды
Ақтөбеде он тұрғыннан 100 миллион теңге алып, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеті адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 7 адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Астана – Жезқазған" бағытындағы пойыз Қызылордаға дейін ұзартылады
14 желтоқсаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго №65/66 "Астана – Жезқазған" пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады. Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Украинаға қарсы санкциялар енгізді
АҚШ ирандық Ababil зымырандары мен Shahed дрондарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізумен айналысатын украин қорғаныс компанияларына қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады
13 қарашада Карелия Республикасында (Ресей) жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-30 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кафе мен мейрамханалардың 22:00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынады
Бішкек қалалық әкімдігі мәдени және ойын-сауық орындарының кешкі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кирилл Герасименко: Қазақстанға алтын медаль сыйлағаныма өте қуаныштымын
ҚР үстел теннисінен ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко қазіргі уақытта Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко – Ислам ойындарының алтын жүлдегері
ҚР үстел теннисінен ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко қазіргі уақытта Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх