Все новости за 21 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Пафос" тең түсті
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчта Кипрдің "Пафос" командасымен тең түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
-
Елордада Тазабек Республика күніне орай ізгі тілектер акциясын өткізді
Республика күні қарсаңында елордалықтардың сүйіктісі – қуыршақ Тазабек Астана тұрғындары мен қонақтарын еліміздің басты ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Будапешт саммиті болмайды: Трамп пен Путин кездесуін неге тоқтатты?
АҚШ пен Ресей президенттерінің арасындағы кезекті саммит жоспарланған мерзімде өтпейтін болды. Ақ үйдің ресми өкілі Дональд Трамптың Владимир Путинмен «жақын арада кездесу жоспары жоқ» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Жетісу облысында сұңқарды заңсыз ұстаған тұрғын анықталды
Жетісу облысында полицейлер сирек кездесетін құстарды заңсыз ұстаған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде ТЖМ тікұшағы жүкті әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді
Бүгін Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты авиация қызметі шұғыл медициналық көмек көрсетуге атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Республика күніне орай ерекше челлендж басталды
Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары "Менің Қазақстаным!" атты ақция бастады. Жастар үйлердің балкондарына көк туымызды іліп қойды, Астана көшелерінде 1000-ға жуық ту ілініп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Әзірбайжан туризм саласында да ынтымақтастықты нығайтпақ
Астанада «Қазақстан – Әзірбайжан: Жасанды интеллект пен индустриялды бастамалардың дамуы жағдайындағы экономикалық ынтымақтастық» атты бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тараз бен Қазақ қалалары бауырластық қатынас орнатты
Әзербайжанның қазақтар үшін ерекше атауы бар қаласының тарихы туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Ильхам Әлиевті елорда әуежайынан шығарып салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның көлік жүйесі: Транзит өсіп, инфрақұрылым жаңарып жатыр
2025 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан халықаралық логистикадағы басты қатысушы ретіндегі позициясын одан әрі нығайтып келеді. Осы кезеңде транзиттік тасымал көлемі 22,8 миллион тоннаны құрады. 2023-2024 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда, биылғы нәтижелер бір реттік серпіліс емес, шетелдік жүк жөнелтушілердің қазақстандық бағыттарға деген тұрақты қызығушылығын дәлелдейді. Толығырақ BAQ.KZ материалында.
-
Жол жөндеуінің қарқынына көңілі толмайтын атыраулықтар шу шығарды
«Құттығай батыр көшесінің жөндеуі көзге көрінбейді». Осылай деген атыраулықтар шу шығарып, кездесуге келген шендіні жерден алып, жерге салды. Мердігер компанияға жоба қаржысының 8 пайызы ғана аударылғанын естіген тұрғындар, ақшаның қажетті мөлшері бағытталып, жұмыс барысын жауаптылар қадағаласын деген талап қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жалақы өсіп, еңбек нарығы тұрақты дамып келеді – сарапшы
Қазақстандағы жалақының өсуі ұлттық экономиканың оң қарқынын және азаматтардың өмір сүру деңгейінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының сараптама орталығы директорының орынбасары Айдана Байқанова BAQ.KZ-ке берген пікірінде айтты.
-
Қазақстанда жеке медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылды
Қазақстанда жеке медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бастамасы қайта көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада пластикалық отадан кейін екі қайғылы жағдай болды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжілістің кулуарында Астанада пластикалық операциядан кейін орын алған екі қайғылы жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
14 жаста босанған ақтөбелік оқушы туралы тың дерек шықты
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Шакизат Халықова Мәжілістің кулуарында Ақтөбе облысында сәбилі болған 14 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тірі кезде орган доноры болу тәртібі жеңілдейді
Еліміздің заңнамасына енгізілетін жаңа түзетулер трансплантация процесін анағұрлым қолжетімді етуге бағытталған. Мәжілісте таныстырылған денсаулық сақтау туралы заң жобасында тірі кезінде донор болатын туыстардан генетикалық талдау талап ету нормасы алынып тасталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Әзербайжан 16 меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы екі есе ұлғайып, серіктестіктің жаңа деңгейіне шықты. Екі елдің ынтымақтастығы сауда, өнеркәсіп, логистика және цифрландыру салаларында дамуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Жапония Премьер-министрін лауазымына сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көшу кезінде көмекші ретінде жалданған ер адам пәтер иесін тонап кетті
Астанада көмек көрсету сылтауымен жасалған айламен жасалған ұрлық фактісі әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Этникалық қазақ қызанақ өсірудің технологиясымен таңғалдырды
Қытайдағы қандасымыз Өркен Ноғайбек екі жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. Ол жергілікті егістік алқаптарда аралар арқылы тозаңдандыру жұмыстарын жүргізумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Стадион бос бола ма?: "Қайрат" – "Пафос” матчына қанша билет сатылды
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турдағы “Қайрат” пен Кипрдің “Пафос” командасы арасындағы ойынның басталуына санаулы сағаттар қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Банктер сізді қалай "тексереді": несие тарихындағы құпия деректер
Банк немесе микроқаржы ұйымы (МҚҰ) несие берер алдында әлеуетті қарыз алушының төлем қабілеттілігін мұқият зерттейді. Ол үшін қаржы ұйымдары скорингтік жүйелерді қолданады – бұл жүйелер несие тарихындағы деректерге негізделеді. Несие тарихы – әрбір клиенттің толық қаржылық құжаттамасы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев пен Әлиевке қазақстандық цифрлық жобалар таныстырылды
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Әзербайжан серіктестігі жаңа мәнге ие болды – сарапшы
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық және көршілік қатынастардың тарихы терең. Екі ел үкіметтері барлық саяси мәселелерді өзара құрмет пен сенім негізінде шешіп келеді. Бұл екі халық арасында сенім мен бауырластықтың берік іргетасын қалады. Елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық тұрақты өсім көрсетіп отыр және оның әлеуеті де, мүмкіндіктері де зор, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Түнімен телефон ұстап, таңертең оянбады": Жамбыл облысында баласын ұрған ер адамға үкім шықты
Жамбыл облысында сот өз баласына қол жұмсаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда есірткі өндірушілер өмір бойына сотталады
Елімізде есірткі өндірушілерге қатысты ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы бар. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ дабыл қақты: Қазақстанда 26 тонна есірткі тәркіленді
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрес бағытындағы жұмыс күшейтілді. Биылғы 9 айдың ішінде 6 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 26 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізбек
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Сарапшы: Қазақстан мен Әзербайжан Орта дәліздің өзегіне айналды
Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, екі елдің өзара ықпалдастығы көлік, энергетика және цифрлық даму бағыттарында өңірлік интеграцияның өзегіне айналып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыдағы полиция пунктіндегі қыздың қазасы: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды
Қарағанды облысының полиция департаменті Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінде болған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бөлім бастығы мен орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Мафия”: Шетелдік азамат Алматы әуежайындағы тексеріске наразы болды
Шетел азаматы Алматы әуежайы қызметкерлерінің әрекетіне шағымданып, оларды сыбайлас жемқорлыққа айыптады. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ильхам Әлиев: Одақтастық қатынастарды нығайтуда ниетіміздің ортақ екені қуантады
Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы: "Әзербайжан – Қазақстан үшін ерекше ел, бауырлас мемлекет"
Мемлекет басшысы Әзербайжан – Қазақстан үшін ерекше ел, бауырлас мемлекет екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ұлттық Банк ARǴYMAQ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан ARǴYMAQ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Осы монета "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясын аяқтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Instagram-да полицейді балағаттаған ер адам қамауға алынды
Шымкент тұрғыны полицейге жала жапқаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Теледидар көру деңгейі төмен”: “Қайрат” – “Реал” матчының тікелей эфирі неге үзілді?
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матчтың онлайн-трансляциясы не себепті үзілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан облысында 15 жасар қыз босанды: 71 жастағы зейнеткер қамауға алынды
Түркістан облысында 15 жастағы қыз босанды. Күдікті 71 жастағы зейнеткер қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Әзербайжан – Қазақстанның бауырлас әрі стратегиялық серіктесі
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вице-министр ауқымды форум кезінде интернеттің неліктен істен шыққанын түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Үкіметте өткен брифинг барысында Digital Bridge форумы кезінде орын алған интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Ақордада Әзербайжан Президентін қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауылдағы өрт саны 25%-ға азайды – ТЖМ
Еліміздегі ауылдық елді мекендердегі өрт саны біршама азайған. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытай есектің сүтінен денсаулыққа пайдалы дәрі шығарып жатыр
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында есек сүтін және терісін өңдеумен айналысатын ерекше шаруашылық бар. Мұндай фермалар дәстүрлі медицина мен косметология саласына қажетті өнімдерді өндіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы ұялы байланыс тарифтері қымбаттайды
2026 жылы Beeline, Tele2 және ALTEL байланыс операторлары тарифтерін шамамен 20 пайызға арттырады. Бұл туралы аталған операторлардың өкілдері Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жылына 70 мың көлік шығаратын KIA зауыты іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жалақы рекорд жаңартты: Орташа табыс 448 мың теңгеден асты
Қазақстанда жалақының тұрақты өсуі жалғасуда. Бұл ел экономикасының жандануын және халықтың өмір сүру деңгейінің жақсарғанын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
-
ТЖМ: Газ баллон жарылыстары жиілеп барады
Қазақстанда ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда LRT жобасы қайта қолға алынды
Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің бірінші кезеңі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
21 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі?
21 қазан күні Қазақстанда ауа райы қандай болады? «Қазгидромет» мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Батыста жаңбыр жауып, солтүстікте үсік жүруі мүмкін. Астана мен Алматыда күн ашық, Шымкентте жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы құрылады
Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Freedom Telecom Operations» компаниясының бас директоры Қайрат Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Медицинадағы сенсация: Көру қабілетінен айырылғандарға имплант салынып, олар қайта көре бастады
Ғалымдар алғаш рет жасанды имплант арқылы көру қабілетінен айырылған адамдардың көзін қайта «ашты». Жаңа технология медицинада бұрын емделмейтін соқырлық түрін жеңуге мүмкіндік беріп отыр.
-
Интернет-алаяқтық үшін жазаны қатаңдату ұсынылды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов интернет-алаяқтық пен қауіпсіздік мәселесін алға тартып, салалық министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет басшысы: Баяу интернетке арыз-шағым азаймай тұр
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
35 мың теңгеге дейін: Республика күні кім төлем алады?
Республика күніне орай мерекелік төлем тағайындау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
-
Елдегі байланыс операторларына жаңа талаптар енгізілді
Қазақстанда алаяқтыққа қарсы күшейту мақсатында байланыс операторларына жаңа талаптар енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп Ким Чен Ынмен кездеспек, Жапония үкіметін алғаш рет әйел басқарады
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Министр: Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналды
Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан 2027 жылы интернетпен 100% қамтылады
2027 жылға қарай Қазақстан халқының 100%-ы интернетпен толықтай қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар жаңа әлеуметтік төлем ала бастады
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 5387 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 5468 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде 5 көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар
Семей қаласында бес автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 26,3 млн тонна астық бастырылды
Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жапония үкіметін алғаш рет әйел басқарады
Премьер-министр Сигэру Исибо бастаған Жапония үкіметі отставкаға кетті. Бұл бүгін түстен кейін өтетін парламенттік сайлауға байланысты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізе ме? – БҰҰ қарсылық танытты
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Қырғызстан билігін өлім жазасын қалпына келтіру әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырып, мұндай регрессивті қадам халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бағаға мораторий және мұнай нарығы: Қазақстан энергетикасына әсері қандай?
Өткен аптада Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын өсіруге мораторий жариялады. АИ-92 және дизель отынына бағаны өсіруге жарияланған мораторий елдің энергетика саласына қалай әсер етеді? Бұл шешім мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуына және отын нарығының жалпы дамуына қалай ықпал етеді, сарапшының пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздің 11 қаласында ауа сапасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге дайындалуда
Трамп шенеуніктері АҚШ президентінің Азияға алдағы сапары кезінде Ким Чен Ынмен кездесуді үнсіз талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕО-ның Израильге қарсы санкциялары ашық сұрақ болып қала береді
Дипломаттар Палестина аймағындағы жағдайды Израиль билігіне қысымды жеңілдету үшін тым жеңіл деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап.
-
Елде әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды – репродуктолог
Қазақстанда бедеулік көбейіп барады. 50% жағдайда кінәрат ерлердің денсаулығынан табылады. Жалпы, бедеуліктің артуы 95% жағдайда туа біте емес, адамның өзінің немқұрайлы қарауынан туындайды. Басты себептерін ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова "Түйін" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда әйел полицейді пышақтады
Атыраудың Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде отбасылық жанжал туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына екі учаскелік полиция инспекторы жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте алаяқтар ерлі-зайыптыны 25 млн теңгеден астам қаражатқа алдаған
Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Енді жеке тұлғалар шетелден жүк көліктері мен автобустар әкеле алмайды
Бүгіннен бастап қазақстандықтар шетелден жүк көліктері мен автобустарды кіргізе алмайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның көлік әкелу тәртібін өзгерту туралы шешімі күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушымен төбелескен мұғалім жұмыстан шығарылды – Ресей
Бурятияның ауылдық мектебінде физика пәнінің мұғалімі мен орта сынып оқушысының арасында болған жанжалдан кейін дау шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх