Все новости за 14 мамыр 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Өскеменде тағы бір жаңа саябақ ашылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Екібастұзда жол апатында бірнеше адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факті полиция басқармасында тіркеліп, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлердің 4-ші отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 14 мамырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров бастаған қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысына қатысты. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.
-
Утиль алым: РОП операторының шотынан шектеулер алып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлесіп жүргізген шараларының нәтижесінде РОП операторы шотына салынған шектеулер алынды. Осылайша мемлекет қазынасына 198 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің Twitter парақшасында жазды.
-
Алматыда 30-дан аса зейнеткерді тонаған ер адам қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер 30-дан астам егде жастағы әйелді тонап кеткен ер адамды қолға түсірді. 1984 жылы туған К. есімді күдіктіні Алмалы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасында ұстады.
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 46-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституцияда Президент құзыретін, оның қауіпсіздігі мен мүмкіндіктерін айқындайтын баптардың бірі – осы 46-бап.
-
Нұр-Сұлтанда таяз су айдындарын зерттеу жұмысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада масалар мен шіркейлердің санын азайту бойынша дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр. Адам көп жиналатын орындар – саябақтарға, гүлзарларға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстанның әскерилері Түркиядағы жауынгерлік оқу-жаттығуларға қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түріктің Измир қаласындағы «Доғанбей» полигонында Қазақстан Қарулы күштері жауынгерлерінің қатысуымен түраралық «Эфес – 2022» көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
-
Жамбылда жол апатына түскен өзбекстандықтар елдеріне аман-есен жөнелтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 мамырда түнгі сағат 02-00-де Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ колоннамен Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел медициналық жәрдем көлігі және 1 «Ванхолл» маркалы жолаушылар автобусымен Өзбекстан Республикасына жөнелтілді.
-
Елеусіновтың келесі жекпе-жегі қашан болатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) маусым айында жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
-
Елордалық әрбір тұрғынның алдағы референдумға қатысуы аса маңызды – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болды.
-
Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 маусымда Түрікмен теміржолдары Түрікменстанның 490 азаматын – этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға шығарады, деп хабарлады turkmen.news басылымы.
-
Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа президенті сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Жоғарғы федералды кеңесі мұрагер ханзада Абу-Даби Мухаммед бен Заида Аль Нахайянды президент етіп сайлады. Бұл туралы БАӘ мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлайды.
-
Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және экобелсенділермен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Елордада 15 жас жұп «Бәйтерек» үстінде некелерін қиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 15 мамырда Отбасы күні аталып өтеді. Осы күннің қарсаңында елордада жас жұбайлар «Бәйтерек» монументінің үстінде неке туралы куәліктерді салтанатты түрде алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Әкімдік елорда жастарын жұмысқа шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-29 жас аралығындағы елордалық жастарды «Jasyl el» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының қатарына жұмысқа шақырады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Сенаторлар комитеттің көшпелі отырысында алдағы конституциялық реформаларды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Жамбыл облысындағы аудан әкімдіктерінің, мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерімен алдағы референдум мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Конституцияға енгізілген өзгеріс ертеңімізді айшықтайды – Дулат Әбіш
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 6 мамырда барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
-
Илон Маск Twitter-дегі 100 кездейсоқ аккаунтты тексермек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Илон Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді тоқтата тұрды және аталған әлеуметтік желідегі жалған аккаунт қолданушыларының үлесі 5%-дан аз екенін тексеруге ниетті.
-
Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жолаушыны тонаған такси жүргізушісі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер жолаушыны тонап кеткен такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
-
Латвияда 2025 жылдан бастап барлық бала мемлекеттік тілде оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латвия билігі барлық студенттердің оқу процесін 2025 жылдан бастап тек латыш тіліне аудармақ. Бұл туралы сәрсенбіде елдің Білім және ғылым министрі Анита Мужниеце мәлімдеді деп хабарлайды Delfi порталы.
-
Қарағандыда Ералы Тоғжановқа көпбалалы аналардың кәсіпкерлік істері таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кәсіпкер – көп балалы аналармен кездесті.
-
Британдық заңгерлер Қазақстандағы конституциялық реформаларға оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Лондондағы Елшілігіндегі дөңгелек үстел аясында Ұлыбританияның адвокаттар қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша алдағы референдумды талқылады.
-
Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары қылмыстық топ құрамында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.
-
Аймағамбетов халықаралық зерттеумен таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram арнасында оқырманын ЭЫДҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен талдауымен таныстырды.
-
Маңғыстаулық фермерлерге 5 000 тонна бидай кебегі арзандатылған бағамен жеткізіледі – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына Азық-түлік корпорациясы арқылы ағымдағы жылдың мамыр-маусым кезеңінде арзандатылған бағамен 5 000 тоннаға дейін бидай кебегі жеткізілетін болады.
-
14 мамырдағы валюта бағамы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 14 мамырдағы валюта бағамын назарларыңызға ұсынамыз.
-
14 мамыр. Елдегі эпидемиологиялық ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 13 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
“Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Ұйғыр ауданында “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл” жобасының алғашқы іс-шарасы өтті.
-
Ақжолдықтар: Референдум – өзгерістерге бағытталған шешуші қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері «Қайнар» ЖШС-нің Талдықорғандағы қорғасын батареялары зауытында болды.
-
Танымал ұстаз, имам Бауыржан Әлиұлы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлының қайтыс болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаралы отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Almaty.tv.
-
Ұлттық Банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық Банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.
-
Энергетика министрлігінің басшылығы Павлодардың электр станцияларында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, Павлодар қаласының электр станцияларына: «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның ЖЭО-2 және ЖЭО-3 объектілеріне барды.
-
Қазақстандық оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі «Білім-Инновация лицейінің» 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды.
-
Смайылов Ақтөбе облысын дамытудың басым міндеттерін белгіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барған ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
-
Қазақстан елшісі Куба Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Адриан Елемесов Куба Республикасының Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда Enactus: жас стартапшылар жарысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Энактус Қазақстан Нэшнл Экспо» чемпионы болу үшін еліміздің жас стартапшылары өзара мықтылық байқасып жатыр. Біріншілікке 100-ден астам команда қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Оралдағы колонияда сотталғандар жаппай төбелес шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал колониясында төтенше жағдай орын алды - сотталғандар жаппай төбелесіп, 10 адам зардап шекті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алды.
-
БҰҰ COVID-19 бойынша күресте Солтүстік Кореяға көмектесуге әзір
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас хатшысы өкілдігінің орынбасары Фархан Хак халықаралық ұйым Солтүстік Кореяға осы елде коронавирустың өршуіне байланысты көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тараздық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тараздық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Дүниежүзілік банк құрғақшылық туралы ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2050 жылға қарай әлем бойынша шамамен 216 миллион адам қоныс аударуға мәжбүр болады.
-
ШҚО қан орталығында жаңа зертхана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО қан орталығында тіндер мен ағзаларды иммунологиялық типтеудің жергілікті зертханасы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Тұрғынның алтыны мен ақшасын алдап алып кеткен өзбекстандық екі әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 12.05.2022 жылы күндізгі уақытта жергілікті тұрғын шағымданып, 2 әйелге алданғанын, олар гипноз арқылы көз алдында алтындарын жымқырып кеткенін айтып, жеткізді. Егде жастағы әйелдің айтуынша, оның үйіне өзге ұлтты 2 әйел келген.
-
Қазақстанда «Стелс-Омикрон» штамы анықталды – ҚР ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамының түрлі нұсқасы анықталды. «Омикрон штамм» барлық өңірлерден анықталды, оның ішінде 12 өңірден «стелс-омикрон» табылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Нерест – 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Полицейлер браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі.
-
Премьер-министр Ақтөбе облысына келді
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов келді. Іссапар аясында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы «Білім» мектеп-гимназиясын, жаңа облыстық перинаталдық орталығын, сондай-ақ «Dina Market» ЖШС-нің көтерме-тарату орталығын аралады.
-
Референдумда мемлекет үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Депутаттар Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында жергілікті халықпен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндіруде.
Наверх