Екібастұзда жол апатында бірнеше адам зардап шекті

Екібастұзда жол апатында бірнеше адам зардап шекті
1052

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факті полиция басқармасында тіркеліп, тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15:50-де М.Әуезов көшесінде «Лада-21074» маркалы автокөлігін басқарған 48 жастағы жүргізуші іргелес аумақтан шыққан кезде жол бермей, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген.

Салдарынан «Kia Rio» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған көлік қозғалыс траекториясын өзгертіп, тұрған көлікке соққы жасады, - деді департаментте.

«Лада» жүргізушісі мен жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы