Қазақстандық оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды
14 Мамыр, 09:45 922

Қазақстандық оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі «Білім-Инновация лицейінің» 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды.

Tengrinews.kz мәліметінше, ол шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған.

Сол уақыттан бастап осы 11-сынып соңына дейін тек университетке түсу үшін уақыт жұмсадым, – дейді ол.

Осылайша, Мирас шақыру алған оқу орындарының 12-сі АҚШ-та, бесеуі Ұлыбританияда, бесеуі Канадада, біреуі Испанияда, төртеуі Аустралияда және тағы басқалары.

Әзірше ол Colgate University, London School of Economics немесе Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...