Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлердің 4-ші отырысына қатысты

14 Мамыр 2022, 22:45
1536
Бөлісу:
Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлердің 4-ші отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 14 мамырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров бастаған қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысына қатысты. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлердің 4-ші отырысына қатысты

БАҚ және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамыту мәселелері талқыланған бұл шараға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтун, Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Әзірбайжан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиев, Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Азатбекұлы Ходжаев, Мажарстанның саяси қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Питер Сцарай, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің өкілі Салкым Сарногоева, Түрікменстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ишанкули Аманлиев және өзге де медиа саласының өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлердің 4-ші отырысына қатысты

Әлеуметтік желілердегі жұмыс; фейк ньюс тарамауына және манипуляцияға қарсы жұмыс; журналистика мамандарын, әсіресе, техникалық мамандармен өзара тәжірибе алмасуды дамыту; тарихи, мәдени және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудағы жұмысты одан әрі жалғастару; Түркі Кеңесінің мүшелерімен біріге ортақ ОТТ платформа (Онлайн-Кинотеатр) құру; балаларға арналған анимациялық және видео контентпен алмасып, Түркі тілдес мемлекеттерге ортақ онлайн анимациялық мектеп құру идеясын ұсынамыз, – деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.

Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлердің 4-ші отырысына қатысты

Бұған қоса, Асқар Қуанышұлы «Qazaqstan» РТРК мен Түркияның «TRT» мемлекеттік телерадиокомпаниясымен бірге 4 сериялы «Қорқыт Ата» телехикаясын түсіру жоспарда тұрғанын, телехикаяны 2022 жылы түсіріп, 2023 жылы эфирге шығару жоспарда бар екенін және бұл жоба түркі әлемі медиакеңістігінің өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытатынын айтты. 

Халықаралық деңгейдегі шараның бүгінгі негізгі бөлімі түрлі тақырыптық панельдік сессиялармен және пленарлық отырыстармен жалғасты.

Өзгелердің жаңалығы