Илон Маск Twitter-дегі 100 кездейсоқ аккаунтты тексермек

14 Мамыр 2022, 14:53
1697
Бөлісу:
Илон Маск Twitter-дегі 100 кездейсоқ аккаунтты тексермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Илон Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді тоқтата тұрды және аталған әлеуметтік желідегі жалған аккаунт қолданушыларының үлесі 5%-дан аз екенін тексеруге ниетті.

Америкалық миллиардер Twitter-дегі 100 кездейсоқ аккаунттың түпнұсқалығын тексереді.

Жақында Илон Маск әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушыларының 5%-дан азы жалған аккаунттарға тиесілі деген есеп алған соң Twitter-ді сатып алу туралы мәміленің тоқтатылғаны туралы хабарлады. Осыдан кейін компанияның акциялары күрт төмендеді.

Мұны білу үшін менің тобым Twitter-дің 100 жазылушысының кездейсоқ үлгісін жасайды. Мен басқаларға мұны қайталауды және олардың не табатынын көруді ұсынамын, – деп жазды Маск Twitter-де.

Айта кету керек, сәуір айының соңында Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алатыны туралы хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы