Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

14 Мамыр 2022, 16:33
2162
Бөлісу:
Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және экобелсенділермен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Сенбі күні, 14 мамырда Үкімет басшысы «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен танысты. Учаскенің ұзындығы – 96 шақырым, оның 77 шақырымы 1-техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Жоба бойынша жұмыстар 2023 жылы толығымен аяқталуы тиіс. Бұл ретте осы жылдың соңына дейін мердігерлер екі жолақты асфальттау жұмыстарын аяқтап, Қандыағаш қ. дейін көлік қатынасын ашуды жоспарлап отыр.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Премьер-Министр қазіргі уақытта халықаралық транзиттік дәліздермен қоса, Қазақстандағы жолдардың желісі белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Ақтөбе облысының автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға биыл 50,3 млрд теңге бағытталды. Жыл қорытындысы бойынша нормативтік талаптарға сәйкес республикалық жолдардың үлесі 87%-ға, ал жергілікті жолдар 72%-ға дейін жеткізілуі тиіс.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Әкімдік жұмыстарды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды уақытылы қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар салалық ведомство “Ақтөбе – Ұлғайсын” автожолының құрылысын қаржыландыру тетіктерін анықтап, жұмысқа кірісуі қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Хромтау ауданында Премьер-Министр «АКМЭЗ» ЖШС май экстракциялық зауытында болды. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 21 мың тонна шикі өсімдік майы және 26 мың тонна күнжара. Зауыт өнімі ішкі нарықта сұранысқа ие, сондай-ақ Қытайға, Ресейге, Өзбекстанға және Тәжікстанға жеткізіледі.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығында инвестициялық жобаларды іске қосу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы басты міндет екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Үкімет шаруаларды кешенді түрде қолдау шараларын іске асыруда, атап айтқанда, инвестициялық шығындарды субсидиялау, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер және қайта өңдеуге арналған жабдықтар лизингі қарастырылған.

Осындай қолдаудың және климат ерекшеліктерінің арқасында Ақтөбе облысында мал шаруашылығы, оның ішінде сүт өнімдері өндірісі қарқынды дамып келеді. Облыс тұрғындарын жергілікті өніммен қамтамасыз ету және оны басқа өңірлерге жеткізуді ұйымдастыру мақсатында аталған жұмысты жалғастырған жөн. Бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға жол ашады, — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Кәсіпорында Премьер-Министр бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, шаруаларды фермерлерді мемлекеттік қолдау, субсидиялау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу, мал шаруашылығын дамыту мәселелері қызықтырды.

Осы жылдың соңына дейін біз шаруалармен бірқатар кездесу өткізіп, субсидиялау жүйесін реформалау мәселелерін талқылаймыз. Тиісті құжат бес жыл мерзімге қабылданады. Жалпы, Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр. Биыл біз бюджетті екі есе арттыру мүмкіндігін қарастырдық. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі өндірісті қолдау және инфляцияны тежеу мәселелеріне байланысты, — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Одан кейін Премьер-министр «Зерде Керамика Ақтөбе» ЖШС-нің керамогранит және қыш тақташа өндіретін жаңа зауытының қызметімен танысты.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

«Ақтөбе» индустриялық аймағы мен Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша мемлекеттік қолдау алған кәсіпорын өз өнімін ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізеді. Сондай-ақ мұнда қуаты жылына 650 мың тонна жоғары қоспаланған болатты құрайтын болат балқыту зауыты құрылысының жобасы таныстырылды. Жобаны іске асыру бүгінде шамамен $1 млрд сомасына импортталатын құрылыс арматурасын отандық өніммен алмастыруға мүмкіндік береді.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Премьер-Министр елімізде құрылыс материалдарына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет 2025 жылға дейін құрылыс саласына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 160-қа жуық жаңа жобаны іске асыру және 15 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда бар.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Жұмыс сапарының келесі пункті «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметімен танысу болды. Қазіргі таңда тау-кен металлургия кешені ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сала жыл сайын 6% деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр, ал инвестициялар өсімі өткен жылы 20%-ға артқан.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Сондай-ақ Әлихан Смайылов экология саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Тұрғындар атынан өңірдің ең өткір экологиялық проблемалары туралы «Ақтөбе, тыныс ал!» волонтерлер қозғалысының жетекшісі Евгений Лазарчук айтып берді. Ол ферроқорытпа зауытына жақын маңда орналасқан аудандардың тұрғындарын көшіру, Ақтөбе қаласының кәріз-тазарту құрылыстары жүйесін жаңғырту және жердің шөлейттену проблемаларын көтерді.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Әлихан Смайылов әрбір айтылған мәселенің мән-жайын түсіндіре келе, облыс әкімдігіне мүдделі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды жедел шешу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр – Смайылов

Жұмыс сапарының соңында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласының «Батыс-2» шағын ауданына барып, облыс орталығының инфрақұрылымдық дамуымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы