Жолаушыны тонаған такси жүргізушісі ұсталды

14 Мамыр 2022, 14:04
1342
Бөлісу:
Жолаушыны тонаған такси жүргізушісі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер жолаушыны тонап кеткен такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. 

Такси жүргізушісі жолаушыны үйге жеткізді. Сапар барысында олардың арасында жанжал болды. Такси жүргізушісі физикалық күш қолданып, жәбірленушіден оның мүлкін: ақшасы бар барсетканы және ұялы телефонын ашық ұрлап кеткен.

30 жастағы күдіктінің ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталғаны белгілі болды. Күдікті ұсталып, «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Полицейлер оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтардан абай болуды сұрайды. Құқыққа қарсы әрекеттер туралы 102 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет екенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы