Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ кетті

Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ кетті
1215

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 маусымда Түрікмен теміржолдары Түрікменстанның 490 азаматын – этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға шығарады, деп хабарлады turkmen.news басылымы.

Шешімді 11 мамырда Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия қабылдады, – делінген хабарламада.

Жолаушыларды жөнелту үшін Түркменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша пойыз ұйымдастырылады. Болашақта түрікмен локомотиві қазақстандық локомотивке ауысады, жолаушылар келесі станцияға – Жаңаөзенге жеткізіледі. Сол жерден шығарып салушы құрам Түрікменстанға оралады.

Басылым мәліметінше, өткен жылы 161 қазақ Түрікменстаннан кетіп, тарихи отанына оралған. Адамдар бұл сәтті бір жылдан астам уақыт күтті. 2020 жылы Түркіменстан азаматтығынан 319 адам бас тартты, оның ішінде 70 адам – этникалық қазақ.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы