Елордалық әрбір тұрғынның алдағы референдумға қатысуы аса маңызды – сенатор

14 Мамыр 2022, 17:21
1555
Бөлісу:
Елордалық әрбір тұрғынның алдағы референдумға қатысуы аса маңызды –  сенатор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болды. 

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Депутат кездесу барысында орталықтың қызметімен және материалдық жабдықталуымен, сондай-ақ қала қауіпсіздігі, қоғамдық орындарды күтіп-ұстауды бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың алдын алу бойынша ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін іске асыру процесімен танысты.

Сенатор сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесіп, елорда халқын әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады. Басқарма басшылығы депутатты мекеменің жұмысымен таныстырды, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында көзделген арнайы қызметтер көрсету, жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың іске асыру барысы туралы хабарлады.

Депутат А.Лукин өз кезегінде алдағы референдум бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, талқылаудың негізгі тақырыбы – конституциялық реформалар болды.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы барысында Мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер жобасын бүкілхалықтық референдумға шығаруды ұсынды. Онда еліміздің әрбір азаматы жаңа Қазақстанды құрудағы мемлекеттік шешімдерге ықпал ете алатын болады. Сондықтан елорданың әрбір тұрғынының алдағы референдумға қатысуы аса маңызды, - деді сенатор Андрей Лукин.

Өзгелердің жаңалығы