Қарағандыда Ералы Тоғжановқа көпбалалы аналардың кәсіпкерлік істері таныстырылды

Қарағандыда Ералы Тоғжановқа көпбалалы аналардың кәсіпкерлік істері таныстырылды
PHOTO
943

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кәсіпкер – көп балалы аналармен кездесті. 

Олар "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша оқып, грант алып, өз ісін ашқан. Жұмыстарын үйден атқарады және олардың қызметтері жоғары сұранысқа ие. 

Бізде облыс бойынша 16 мың көп балалы ана бар, Қарағанды бойынша – 4700. "Шаңырақ" орталығы тегін заңгерлік және психологиялық кеңес береді. Өз бетінше табыс табуға үйрету үшін шеберлік сабақтарын өткіземіз, – деді Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Қожахметова. 

Кәсіпкерлер өз өнімдерін көрсетті: аспаздық өнімдер, ұлттық киімдер және т. б. Ұйым белсенділері бағдарламаны жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Ералы Тоғжанов мұндай бастамаларға оң баға берді. 

Біз бүгін Қарағанды облысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында келдік. Өңірде жұмыс жүргізіліп жатыр. Маңызды әлеует бар. Біз республика көлемінде кеңейтуге тұрарлық нақты мысалдарды көрдік. Бұл орталық әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамаларды дамыту және қолдау қажет, – деп атап өтті вице-премьер. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы