Все новости за 26 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Нұр-Сұлтан мен Эр-Рияд ынтымақтастықты тереңдетуді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан-Сауд Арабиясы Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті. Қазақстан тарапынан тең төраға ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Сауд тарапынан - САК Инвестициялар министрі Халид Абдулазиз әл-Фалих қатысты.
-
Павлодарлық имамдар Мәшһүр-Жүсіп кесенесінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысына қарасты қала, аудан мешіті имамдары ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ойшылы, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті тұлғасы, Ертіс-Баян өңірінің тумасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Баянауыл-Ескелдідегі кесенесіне зиярат жасады.
-
Элизабет анасы үшін кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Элизабет Тұрсынбаева анасы Падишахан Сұлтаналиеваның Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді.
-
Ауа райы. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 27 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын, фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, батыс нөсер жауатынын хабарлады.
-
Еліміздің бірнеше ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысының Қараөткел ауылдық округі мен Алматы облысының Кеген ауданы, Кеген ауылдық округтерінің әкімі сайланып жатыр.
-
Соғыс зардабы. Сирияда соңғы он жылда 27 мың бала қаза болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сириядағы қақтығыс кезінде 2011 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурызына дейін 350 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл деректерді Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет хабарлады.
-
Елордалықтардың атпен серуендеуіне жағдай жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың жасыл белдеу аумағында ат спорты кешенінің құрылысы аяқталды. «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан (жасыл белдеу аумағындағы атпен жүруге арналған соқпақ жол) қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды орындардың біріне айналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Еуроодақ еліміздегі климаттың өзгеруіне қарсы күресті қолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 70-ке жуық қазақстандық ақпараттық технологиялар саласының студенттері мен мамандары климаттық мәселелерді азайту мақсатымен ең үздік таза технологиялық шешім табу үшін Алматыдағы EU Ecohackathon байқауына қатысты.
-
Назарбаев әуежайында өрт бола жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әуежайында кабельдің қысқа тұйықталуынан терминал тұтап, өрт шыға жаздады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.
-
Иманбек: Маған емес, Грэммиге ескерткіш орнатуды ұсынамын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсулық музыкант Иманбек Зейкенов ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Диетолог өмір сүру ұзақтығын азайтатын азық-түліктердің тізімін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамның күнделікті рационына кіретін кейбір өнім өмір сүру ұзақтығын қысқартуы мүмкін.
-
Гив ойнатуға тыйым салынды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарысты ғұламалар кеңесі «Форекс» нарығында сауда жасап, табыс табуға тыйым салды. Сондай-ақ шариғат негіздеріне сүйенген ғалымдар соңғы кездері қоғамды толғандырған түйткілді мәселелерді талқылап, бірқатар жаңа пәтуа шығарды.
-
Ғалым рак пен инсульт қаупін төмендететін сусынды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көк шай көптеген аурудың, соның ішінде инсульт пен обырдың кейбір түрінің алдын алуға септеседі.
-
Ауғанстандықтарға сақалдарын қыруға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәліптер Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында сәнді шаш үлгілерін жасатып, сақалдарын қыруға тыйым салды.
-
Көркем гимнастикадан отандық атлеттер Грекияда бақ сынауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар Грекияда халықаралық турнирге қатысып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Жұмыссыздық бойынша төлем алу үшін білуіңіз қажет 8 қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. EGov-тан бөлек, Enbek.kz порталы арқылы да әлеуметтік төлемдер тағайындалатынын бірі білсе, бірі білмейді. Әсіресе жұмыссыз қалып, күнкөріс көзінен айырылған адамдардың әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек? Қайда бару керек? Бұл сауалдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева жауап берді.
-
Түркияда Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақ ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ыстамбұлда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты Кіші құрылтайы өтті.
-
Велоспортшылар топтық жарысқа қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігі аясында ұлдар арасында топтық жарыс өтті, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Димаш Азияның 100 сымбатты жігіті рейтингінің көш басында тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) әлі көш бастап келеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Алматыда Kitap Fest фестивалі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кітап форумын аралап көрген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын атап өтті.
-
Қазақстандық әскерилер бокстан әлем чемпионатында үш алтын еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары бокстан әскери қызметшілер арасында өткен 58-ші әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Елордада өткен халықаралық марафонның жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желаяқтар бәсекесінде 3 мыңға жуық адам бақ сынады. 42 шақырымдық жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысты. Ал 10 шақырымға 16 жастан асқан жасөспірімдер жүгірді.
-
Хан Кенеге Ақмола бекінісін алуда көмек берген – Нөгер батыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан үш жыл бұрын өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын.
-
Тәліптер төрт адамды көпшіліктің көзінше дарға асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәліптер Герат қаласында адам ұрлады деп кінәланған төрт адамды көпшіліктің көзінше дарға асты. Бұл туралы Aamaj News агенттігі хабарлады.
-
Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Marathon – әуесқой желаяқтар мен спортпен шұғылданатындар арасында танымал шара. Қала тұрғындарына арнап спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқанымызға қуанамыз. Себебі екпе алған тұрғындардың саны артып, қала қалыпты өмір ырғағына оралып жатыр, деп жазды Facebook-тегі парақшасында қала әкімі Алтай Көлгінов.
-
Стамбұлда дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Стамбұлда дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты Кіші құрылтайы өтті. Бұл туралы Қауымдастық хабарлады.
-
АҚШ-та жолаушылар пойызының апатынан 3 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Монтана штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 3 жолаушы қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды.
-
Өткен тәулікте шетелден 6 338 авиажолаушы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 25 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
-
Сағынтаев Есентай өзеніндегі жаңа терренкурдың дайындығын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қалалық серуендеу аймағының құрылысымен танысты. Мегаполис әкімі Instagram-дағы аккаунтында құрылыстың кейбір тетіктерімен бөлісті.
-
М.Горький атындағы орыс драма театры кезекті маусымын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры жаңа маусымын ашты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 5100 қатысушы World Athletics ұйымы тарапынан берілген «қола» мәртебесі бар марафонда кім мықтыны анықтады, деп жазды министр Ақтоты Райымқұлова.
-
Усик пен Джошуаның жекпе-жегі аяқталды
Алматы, BAQ.KZ. Лондондағы Tottenham Hottspur стадионында ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) мен міндетті үміткер Александр Усик (19-0, 13 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлады Prosports.kz.
-
Тоқаев жәрдемақы тағайындау процестерін цифрландыруды тапсырды. Ол қаншалықты орындалып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір күннен күнге egov.kz порталы мен мобильді қосымшасын пайдаланатындар саны артуда. Қазақстандықтар ХҚКО-да кезек күткенше, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет алудың артықшылығын түсіне бастады. Бұл әсіресе пандемия басталған кезде көп көмегін тигізді. Себебі пандемия дендеп тұрған көптеген мекеменің, әсіресе ХҚКО жұмысына шектеу қойылды, ал азаматтарға еш қажеттіліксіз үйден шықпауға кеңес берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алу, мүгедектікті растау процестері автоматтандырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестері цифрландырылуы қажет болатын. Тапсырма қаншалықты орындалып жатыр? Осы және өзге де сұрақтардың жауаптарын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаевадан білуді жөн көрдік.
-
Елордада Astana Marathon-2021 өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы EXPO алдындағы алаңда жексенбі күні таңертең салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары қарая бастады.
-
Алматыда марафон өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Оңтүстік астанада оныншы «Алматы марафоны» өтіп жатыр.
-
Елде 7,5 млн-нан аса адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 26 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
5 өңір «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
ДСМ: 226 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 26 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
Бүгін машина жасау күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл атаулы күн қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мереке алғаш рет 1981 жылы, КСРО кезінде тойланған.
-
Елде бір тәулікте 187 адамнан пневмония анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 2381 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2381 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2192 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2192 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Франция билігі кедей елдерге COVID-19 вакцинасын жеткізуді екі есе арттырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция билігі кедей және дамушы елдерге жеткізілетін COVID-19 вакциналарының санын екі есе арттырады. Бұл туралы 25 қыркүйекте Agence France-Presse хабарлады.
-
Қостанай облысында егін жинау жұмысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл әр гектардан орташа есеппен 7,2 центнерден өнім алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Германияда Меркельдің портреті бар алтын монеталар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда саясаттан кетіп бара жатқан Меркельдің құрметіне оның портреті бар алтын монеталар шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Атырауда түнде жүрген 23 жасөспірім ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда түнде қыдырған 23 жасөспірім ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-25 қыркүйекте «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өтті.
-
Велоспорттан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар топтық жарысқа қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігі аясында ұлдар арасында топтық жарыс өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодардағы жәрмеңкеде 70 тоннадан астам көкөніс сатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Павлодардағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде облыстың 8 ауданы өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
10 минутта 1,5 литр газдалған сусын ішкен жас жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда 22 жастағы жігіт 10 минутта 1,5 литр қатты газдалған сусын ішіп қайтыс болды, деп жазады «Газета.ru».
-
Өскеменде қаланың сейсмикалық қаупін анықтауға зерттеу жұмысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қала аумағының сейсмикалық қаупін анықтап, баға беру үшін топырақ құрамын инженерлік, геологиялық және геодезиялық зерттеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Тимур Нұрсейітов әскери қызметшілер арасында Еуропа чемпионын жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Мәскеудегі әскери қызметшілер арасындағы бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Наверх