Франция билігі кедей елдерге COVID-19 вакцинасын жеткізуді екі есе арттырады

26 Қыркүйек 2021, 07:50
6162
Бөлісу:
Франция билігі кедей елдерге COVID-19 вакцинасын жеткізуді екі есе арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция билігі кедей және дамушы елдерге жеткізілетін COVID-19 вакциналарының санын екі есе арттырады. Бұл туралы 25 қыркүйекте Agence France-Presse хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Франция кедей және дамушы елдерге 120 миллион доза вакцина жібермекші, бұл бұрын жоспарланғаннан екі есе көп. Франция президенті Эммануэль Макрон басқа құрлықтарда вакцинациялау жұмысының төмендігін әділетсіздік деп атады.

Макрон Африкадағы халықтың 3% -ы ғана COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғанын мәлімдеп, Франция кедей елдерге арналған вакцинаның дозасын екі есеге көбейтуге міндеттеме алғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы