Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәліптер Герат қаласында адам ұрлады деп кінәланған төрт адамды көпшіліктің көзінше дарға асты. Бұл туралы Aamaj News агенттігі хабарлады.
БАҚ-та адамдарды жазалау барысында түсірілген бейнетаспалар жарық көрді. Онда көпшіліктің көзінше ер адамдарды көліктің кранына дарға асқанын көруге болады.
Бұл көп жылдардан бері көпшіліктің көзінше жасалған алғашқы жазалау. 1996-2001 жылдары Тәліптер Ауғанстан билігінде болған кезде елде көпшіліктің көзінше таспен ату, аяқ-қолын кесу және дарға асу сияқты жазалар кеңінен тараған болатын.