Бүгін машина жасау күні

26 Қыркүйек 2021, 09:00
17506
Бөлісу:
Бүгін машина жасау күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл атаулы күн қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мереке алғаш рет 1981 жылы, КСРО кезінде тойланған. 

одағы тарағаннан кейін бұл мерекені Беларусь, Қырғызстан, Ресей де өз күнтізбелерінде қалдырды. 

2017 жылғы 31 қазанда сол кездегі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің № 689 қаулысына қол қойды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» аталған қаулыда қыркүйектің соңғы жексенбісі Машина жасаушы күні ретінде бекітілген. 

Айта кетейік, осы жылдың 8 айында елімізде машина жасау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Жыл соңына дейін бұл сома 2 трлн теңгеден асып түседі деген болжам бар. Бүгінде елімізде 3 мыңнан астам машина жасайтын кәсіпорын бар және онда 119 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы, аталған саланы индустрияландырудың соңғы 10 жылында 400 млрд теңгенің 135 жобасы жүзеге асырылды. 

2025 жылға дейін 160 млрд теңгеге тағы 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Өзгелердің жаңалығы