Павлодардағы жәрмеңкеде 70 тоннадан астам көкөніс сатылды

26 Қыркүйек 2021, 03:36
4586
Бөлісу:
Павлодардағы жәрмеңкеде 70 тоннадан астам көкөніс сатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Павлодардағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде облыстың 8 ауданы өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, жәрмеңке бағаны тұрақты ұстап тұру және делдалсыз сауданы ұйымдастыру мақсатында өткен. Онда өңірдің 100-ден астам тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерін, күнбағыс майын және т.б. арзан бағамен сатып алды. Ал, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты маусымдық көкөністер нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан сатылды.

Сондай-ақ, дәл осындай жәрмеңкелер Жетекші, Мойылды, Павлодар, Кенжекөл және Ленин кентінде де ұйымдастырылды. Қаланың ауылдық аймағының тұрғындары өндірушілердің өнімдерін қалаға бармай-ақ сатып алуға мүмкіндік алды, - деді әкімдікте.
Қалада және қаланың ауылдық аймағында барлығы 70 тоннадан астам көкөніс (картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат, пияз), 3,5 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті), 3 тонна тауық еті, 72 мың жұмыртқа, 2 мың литрден астам сүт, 3 мың литр күнбағыс майы, 1 тонна бал және т. б. сатылды.
Бағаны тұрақтандыру үшін облыс орталығында 36 әлеуметтік дүкен, 34 әлеуметтік бұрыш және тұрақтандыру қорының 92 серіктес дүкені жұмыс істейді. Ол жерлерде өнімдер арзандатылған бағамен сатылады, - деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінде. 
Сонымен қатар, Павлодар облысының 15 көкөніс шаруашылықтарымен меморандумдарға қол қойылды. Оған сәйкес қаланың сауда нүктелеріне жыл бойы әлеуметтік маңызы бар көкөністер төмен бағамен жеткізілетін болады.
Өзгелердің жаңалығы