Өткен тәулікте шетелден 6 338 авиажолаушы келді

26 Қыркүйек 2021, 12:48
3615
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден 6 338 авиажолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 25 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жарияланды.

    
2021 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Армения, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді.
    
Өткен тәулікте 6 338 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
    
Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 172 жолаушы;
    
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 151 жолаушы;
    
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 269 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 4 рейс, 366 жолаушы;
                                                                             
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 166 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 77 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 137 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
    


 

Өзгелердің жаңалығы