Велоспортшылар топтық жарысқа қатысты

26 Қыркүйек 2021, 16:15
12715
Бөлісу:
Велоспортшылар топтық жарысқа қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігі аясында ұлдар арасында топтық жарыс өтті, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстан сапынан аталған сынға төрт спортшы қатысты. Атап айтқанда, Андрей Ремхе, Максим Тараскин, Алексей Ваганов және Егор Стрельников жарыс жолына шықты.

Жарыс нәтижесі бойынша Ремхе 19-орынға, Максим Тараскин 49-орынға жайғасты. Ал Алексей Ваганов 57-болса, Егор Стрельников 71-орыннан көрінді. 

Ұлдар арасында Пэр Странд Хагнесс (Норвегия) топ жарып, әлем чемпионы атанды. Григор Ромэн (Франция) екінші болса, Мадис Михельс (Эстония) үздік үштікті қорытындылайды. 

 


Өзгелердің жаңалығы