Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр

26 Қыркүйек 2021, 11:44
1384
Бөлісу:
Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 5100 қатысушы World Athletics ұйымы тарапынан берілген «қола» мәртебесі бар марафонда кім мықтыны анықтады, деп жазды министр Ақтоты Райымқұлова.

Бүгінгі жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған дәстүрлі желаяқтар жарысының ашылуында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледім. Марафон кезінде пандемияға қарамастан барлық карантин талабы сақталып, жылдағыдай жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биыл 5100 қатысушы World Athletics ұйымы тарапынан берілген «қола» мәртебесі бар марафонда кім мықтыны анықтады, - деп жазды ол.

Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр

Айта кетейін, Astana Marathon ТМД аумағында дәл осындай статусқа ие болған алғашқы, әрі жалғыз марафон саналады.

Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр

Қазақстандық марафоншыларды қалыптастыруды, елорда мен еліміздің имиджін ілгерілетуді мақсат еткен ауқымды жоба алғаш өткізілген 2009 жылдан бері еліміздегі түрлі қайырымдылық қорлар үшін 37,125,458.00 теңге жинаған екен. Осынау игі жоба сәтті жалғаса беруіне тілектеспін, - деді министр.

Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр

Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр

Жалпы Astana Marathon-ға қатысушылар, қызығушылар қатары жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Әуесқойлар үшін Бостон марафонына қатысуға, кәсіпқойлар үшін Олимпиада жолдамасын иеленуге мүмкіндік беретін «Астана марафон» бүгінде ерлер мен әйелдер санатында ресми түрде Орта Азиядағы ең жылдам жарыс атанып отыр. Бұл да ұйымдастырушылардың табысты жұмысының бір жемісі екені белгілі. Демалыс күні бәріміз үшін жемісті болсын, достар, - деп жазды министр. 

Жексенбінің таңын халықаралық Astana Marathon-ға қатысудан бастадым – министр

Өзгелердің жаңалығы