Назарбаев әуежайында өрт бола жаздады

26 Қыркүйек 2021, 19:55
2840
Бөлісу:
Назарбаев әуежайында өрт бола жаздады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әуежайында кабельдің қысқа тұйықталуынан терминал тұтап, өрт шыға жаздады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

Халықаралық терминалда, ұшып шығудың 8-інші гейтінде нөсерге қарсы құбырдың жылыту кабелінде тұйықталу болды. Түтін гейттен терминалға жайылды. Бұл уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ. Тиісті қызметтер шұғыл әрекет етті. Зардап шеккендер жоқ. Әуежай штатты режимде жұмыс жасап тұр. Рейстердің кешігуі болған жоқ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.


Өзгелердің жаңалығы