Түркияда Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақ ашылды

26 Қыркүйек 2021, 16:27
4718
Бөлісу:
Түркияда Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақ ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Стамбұлда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты Кіші құрылтайы өтті. 

Мәжіліс алдында жергілікті билік өкілдері мен делегаттар түрік пен қазаққа ортақ тұлға Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанатына қатысты.

Саябақ Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Стамбұлдағы Бас консулдығының ұйытқы болуымен ашылып отыр. 

Ашылуда Стамбұл қаласының 800 мың халқы бар Бағжылар ауданының әкімі Локман Чағырыжы, Қазақстан Республикасының Стамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков сөз сөйлеп, даңқты спортшының ескерткіші орнатылған саябақтың лентасын кесті.

Іс-шараға М. Өзтүріктің қарындасы Перихан мен Германияда тұратын қызы Неслихан да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы