М.Горький атындағы орыс драма театры кезекті маусымын ашты

26 Қыркүйек 2021, 12:15
1950
Бөлісу:
М.Горький атындағы орыс драма театры кезекті маусымын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры жаңа маусымын ашты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Жаңа маусымда бұрын ел сахналарында болмаған эксклюзивті материалдар мен пьесаларды қоса алғанда, көптеген жаңа қойылым жоспарланып отыр.
Бүгін біз 121 театр маусымын ашып отырмыз. Бұған өте қуаныштымыз. Көрермендерімізді қуанту әлбетте ең басты міндетіміз. Бұл театр маусымы керемет өтеді. Қазақстандағы театрлардың ешбірі Тургеневтің шығармаларын қоймағанын білемін. Біз оның «Накануне» шығармасын қоямыз. Режиссерлері мен қоюшы режиссерлері Челябинск қаласының ресейлік мамандары болады. Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына орай оның шығармасы бойынша композиция дайындап отырмыз, – деді Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері Бекболат Парманов.

«Бүгінгі күн әрине театрда қызмет ететін адам үшін үлкен мереке және ерекше күн. Жаңа маусымнан сүйікті көрермендеріміз жаңа қойылымдар күтетіні белгілі. Сүйікті көрермендерімізді ары қарай да қуанта бергіміз келеді», – деді театр актрисасы Людмила Крючкова.

Айта кетейік, шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Өзгелердің жаңалығы