Все новости за 14 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қарағанды облысында 1200 қоқыс орны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жаз мезгілінде мыңнан астам қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қапшағай маңында көлік апатынан 5 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай маңындағы жолда Daewoo Nexia көлігі аударылды.
-
Хоккей: елордалық «Барыс» Өскеменнің «Торпедосын» тырп еткізбеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада хоккейден Қазақстан Президенті кубогының матчында «Барыс» пен Өскеменнің «Торпедосы» кездесті деп хабарлайды Sports.kz.
-
Месси жасын сүрткен беторамал 10 мың долларға сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лионель Месси «Барселонамен» қоштасу баспасөз мәслихатында көз жасын сүрткен беторамал Mercado Libre сайтында сатылымға шықты деп хабарлайды tengrinews.kz.
-
Бір отар қойға найзағай түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияның оңтүстігінде жай түсіп, 500-ден астам қойды жайратып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Әлем чемпионаты: Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының тізімі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Түркияға көмекке барған ресейлік өрт сөндіргіш ұшақ апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда ресейлік Бе-200 өрт сөндіргіш ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ешкім аман қалмады, деп хабарлады NTV телеарнасы.
-
Алакөлде қайық аударылып, 8 адам суда қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөлде қайық аударылды. Жергілікті құтқарушылар судан 8 адамды шығарып алды.
-
Астанада жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір аталған аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Жаңа қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтарының таза ауада уақыт өткізуі үшін қолайлы орын болады.
-
Павлодарда спорт залда тілашар тойын жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаменті бірқатар карантин талабын бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Республика бойынша 50 адамды интернет арқылы алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтарды интернет арқылы алдаған жамбылдық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстан дзюдо федерациясы Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында дзюдодан Олимпиада, әлем және Азия чемпионаттының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров спортшылар мен жаттықтырушылар, ұлттық құраманың ғылыми-кешенді топ өкілдеріне ақшалай сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Диетологтар қарбыз бен қауынның денсаулыққа зиянын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар қанындағы қант деңгейі жоғары және несептас ауруына шалдыққан жандарды қарбыз және қауын жегенде сақ болуға шақырды.
-
Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде лифт және эскалатор өндіретін әзірге жалғыз кәсіпорын бар. Ол «SKY ELEVATOR KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
-
Алматыда өрт салдарынан 13 отбасы баспанасыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырды.
-
Алматыда той болады деген мейрамхана ерекше бақылауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Естеріңізде болса, жақында Алматы тұрғыны «жасырын той» жайлы ақпаратты «Алматы» телеарнасындағы «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде айтқан болатын.
-
Ақтөбеде жол апатынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамыз күні сағат 17.20-да «Покровка-Жаңажол» тас жолында жол-көлік оқиғасы болды.
-
Жапонияда қалың нөсер жауып, 2 млн-ға жуық адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда жауған қалың нөсер салдарынан 1,7 млн тұрғын шұғыл эвакуацияланды.
-
Балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
-
Токиода эпидемиологиялық жағдай ушығуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода Паралимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында эпидемиологиялық жағдай ушығуда.
-
Еңбекминінің ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбекминінің ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы таратылып жатқан ақпарат жалған болып табылады.
-
Ғалымдар бір ай бойы нан жемеудің соңы неге әкелетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір ай бойы рационыңыздан нанды алып тастасаңыз, әрине, ең алдымен салмақ жоғалтатыныңыз анық. Сондықтан мұндай тәсілге көбінесе артық салмақпен қош айтысқысы келетіндер жүгініп жатады. Бірақ нан өнімдерінен үзілді-кесілді бас тарту ағзаға зиян деп отыр Inosmi.ru.
-
Бектұрғанов: Медсақтандыру пандемия кезінде адам өмірін құтқаратын «қауіпсіздік жастығына» айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Неліктен негізінен мемлекеттік медицина ұйымдарында не жас, не егде жастағы дәрігерлер жұмыс істейді? Биыл оңалту шараларына бұрын-соңды болмаған қаражат бөлінгені рас па? Қазақстандағы медициналық сақтандыру жүйесінің барысы, медициналық көмектің сапасы қандай? Осы және өзге сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық консультативтік кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов жауап берді.
-
Токио Олимпиадасының чемпионынан допинг анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері британиялық Чиджинду Уджа допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен шеттетілді.
-
Шетелдік басылым отандық «QazVac» вакцинасы туралы жазды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
ҰҚК: Радикалды ағымның жақтаушылары ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұсталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері.
-
Наубайхана кәсібі – берекелі нәсібі. Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адал еңбек, маңдай термен тапқан нанның қашан да берекесі мол болатыны анық. Ерінбей еңбек етіп, кәсіптерін дөңгелетіп отырғандар қаншама! Солардың бірі – наубайхана өндірісін жолға қойған «Астаналық нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
-
Ресейде коронавирустан көз жұмудың ең үлкен көрсеткіші тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырған 815 науқас қайтыс болды.
-
Салық төлеушілер федерациясы Меркельдің зейнетақысы қанша болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия салық төлеушілер федерациясы канцлер Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін айына шамамен 15 мың еуро зейнетақы алады деп есептеді, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Елордада Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша жол учаскесі жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша жол учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды.
-
Елдос Сметов: Жақында жақсы жаңалықпен бөлісетін боламын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған дзюдо Елдос Сметов "ІІІ дәрежелі Барыс” орденіне ие болды. Елдос Сметов мемлекеттік наградамен марапаттағаны үшін ел президенті мен Қазақ халқына алғыс білдіріп, жақында жақсы жаңалықпен бөлісетінін айтты.
-
«АрселорМиттал Теміртау» вакцинацияланған қызметкерлер арасында екі автокөлік ойнатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы болат және көмір департаменттерінің вакцинацияланған қызметкерлері арасында екі Lada Vesta автомобилін ойнатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамыз күні Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты».
-
«Барлығына қарсы» бағанын енгізу сайлаудың ашықтығына кепілдік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Алма Мұқанова айтты. Еске сала кететін жайт, 25 шілдеден бастап елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау өткені белгілі.
-
Әкім лауазымына үміткер өзін-өзі ұсына алады – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Алма Мұқанова айтты. Биыл 25 шілдеден бастап елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау өткені белгілі.
-
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Әлем елдерінде ерекше вакциналау пунктері ашылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында бір тәулікте 390 адамнан қауіпті инфекция табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Исекешев Алматыда құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру – қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды polisia.kz.
-
6 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 14 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцина салу қарқыны қалай жүріп жатқаны туралы ақпаратты жариялады.
-
КВИ мен пневмониядан 142 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 14 тамыздағы ақпаратты жариялады.
-
Ақтөбеде карантин тәртібін бұзғандарға 66 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері 593 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
6195 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 195 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 7510 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7510 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Өскеменде колонияға 8 литр «колхозка» кіргізбек болған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны колонияға құрамында спирт бар сұйықтықты қоршау арқылы кіргізуге тырысқан, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Францияда коронавируспен ауруханаға жатқызылған нәрестелер саны артуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавируспен ауруханаға жатқызылған нәрестелер санының өсуі байқалды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Елордалық 15 мың оқушыға тегін мектеп формасы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы басталды. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
-
ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа топ құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа топ құрады
-
Астана әуежайы бұрынғы жұмыс режиміне көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді әуежай қалыпты жұмыс режиміне өтеді.
-
Олимпиадада Вэл Баркер кубогі неге ешкімге берілмеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода өткен Олимпиада ойындарында үздік боксшыға не үшін Вэл Баркер Кубогі берілмегенін айтты, деп жазады Vesti.kz.
-
Түркиялықтар босқындарды қабылдауға қарсылық танытты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сириялықтардың елге қоныс аударуына наразы Түркия тұрғындары мигранттарға тиесілі дүкендерге, көліктерге және басқа да мүлікке шабуыл жасай бастады, деп жазады Reuters.
-
Қырғызстан Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қырғызстан СІМ басшысы Руслан Қазақбаевтың Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесуінде айтылған.
-
Жапонияда су астындағы жанартау оянды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Метеорологтар Огасавара аралдарындағы кемелерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды.
Наверх