«Барлығына қарсы» бағанын енгізу сайлаудың ашықтығына кепілдік берді

14 Тамыз 2021, 10:44
1909
Бөлісу:
«Барлығына қарсы» бағанын енгізу сайлаудың ашықтығына кепілдік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Алма Мұқанова айтты. Еске сала кететін жайт, 25 шілдеден бастап елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау өткені белгілі.

Қазақстандықтарға жаңа ереже бойынша тікелей дауыс берді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдеріне үміткер 25 жастан ҚР азаматы болуы тиіс деген талап бар. Аталған елдімекен аумағында тұру және жоғары білімнің болуы да міндеттеледі.

Орталық сайлау комиссиясының ресми деректері бойынша Nur Otan, «Ауыл», «Ақ Жол», «АDAL», «ҚХП» партияларынан тікелей сайлауға 878 кандидат ұсынылды, - деді Заңнама департаментінің директоры.

Тағы бір ескеретін жайт, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында саяси партиялардың өту шегін төмендету Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға өз тізімдерін ұсынуда оң серпін бере алады, - деп отыр ведомство басшысы.

Сайлаудың тағы бір ерекшелігі – сайлау бюллетендерінде «Барлығына қарсы» бағанының болуы. Аталған баған биыл 24 мамырда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде қалпына келтірілді.

Өткізілген тікелей сайлауға жасалған талдаулар сайлау бюллетендеріне «Барлығына қарсы» бағанының енгізілуі сайлаушылардың құқығын кеңейтіп, сайлау процесінің ашықтығына себеп болғанын көрсетіп отыр.

Бұған дейін әкім лауазымына үміткер өзін-өзі ұсына алатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы