Хоккей: елордалық «Барыс» Өскеменнің «Торпедосын» тырп еткізбеді

14 Тамыз 2021, 22:41
1037
Бөлісу:
Хоккей: елордалық «Барыс» Өскеменнің «Торпедосын» тырп еткізбеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада хоккейден Қазақстан Президенті кубогының матчында «Барыс» пен Өскеменнің «Торпедосы» кездесті деп хабарлайды Sports.kz. 

Бірінші кезеңде ешқандай шайба салынған жоқ, екіншісінде Коди Куник есеп ашты, ал Эрик Мартинсон оны ұлғайтты, дегенмен Эрик Алдабергенов шиеленістің бетін қайтарған. Үшінші кезеңнің бірінші минутында Даррен Диц жеңістің кімге бұйыратынын дәлелдегендей болды. Бірақ Максим Худяков Өскемен командасына үміт отын қайта жақты. 

Шиеленіске толы кездесу 4: 2 есебімен аяқталды. Жеңіс елордалық команданың еншісінде. Енді ертең сағат 12:00-де «Торпедо» турнирдегі үшінші орын үшін қытайлық «Kunlun Red Star» командасымен ойнайды, ал 17: 00-де «Барыс» қарағандылық «Сарыарқамен» бас кубок үшін таласады.


Өзгелердің жаңалығы