Елордалық 15 мың оқушыға тегін мектеп формасы беріледі

14 Тамыз 2021, 06:21
3592
Бөлісу:
Елордалық 15 мың оқушыға тегін мектеп формасы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордада «Жалпыға міндетті орта білім» акциясы басталды. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Акцияны елорда әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының қатысуымен биыл үшінші жыл ұйымдастырып жатыр. Шара шеңберінде жекелеген санаттағы балаларды мектепке дайындау үшін материалдық көмек көрсетіледі.

Биыл акция аясында жалпы сомасы 600 млн теңгеге мектепке 15 мың оқушыны дайындау жоспарланған. Акцияға мектеп формасы мен аяқ киім өндіретін 18 отандық тауар өндіруші қосылуға ниет білдірді. Қала бойынша 30 сауда нүктесі жұмыс істейді, онда ата-аналар ұл-қыздарға арналған мектеп формасын, соның ішінде жейде, блузка, сарафан, костюм (пиджак, кеудеше, шалбар немесе юбка), жемпір сатып ала алады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев.




Өзгелердің жаңалығы