Токиода эпидемиологиялық жағдай ушығуда

14 Тамыз 2021, 15:27
6947
Бөлісу:
Токиода эпидемиологиялық жағдай ушығуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода Паралимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында эпидемиологиялық жағдай ушығуда.

Жазғы Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Сонымен қатар елордада бір тәулік ішінде 4 989 жаңа жағдай анықталды. Коронавирусқа қатысты жағдай «бақылаудан шықты» дейді сарапшылар. Жапония билігі Денсаулық сақтау саласына құлдырау қаупі төніп тұр деп алаңдайды. Токиода 1 қыркүйекке дейін төтенше жағдай режимі қолданылады.

Covid-19 Иранда тәулігіне 527 адамның өмірін қиды. Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың саны 96 742-ге жетті деп мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 жұқтырудың 39 119 жаңа жағдайы анықталды. 4 707 пациент ауруханаға жатқызылды. Оның 7 154-і реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда. Үкімет сонымен бірге 14 445 642 ирандық коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды деп мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы