Астанада жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ

14 Тамыз 2021, 19:39
2443
Бөлісу:
Астанада жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір аталған аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Жаңа қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтарының таза ауада уақыт өткізуі үшін қолайлы орын болады.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.

Астанада жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ

Саябақ Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасады. Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы 300 метр субұрқақ болады, оның ішінде шағын архитектуралық мүсіндер, көлеңкелі шатырлар орналасады. Жылдан жылға бұл аумақты көгалдандырамыз. Қалада өзіндік «жасыл аралдар» құру өте маңызды. Сондай-ақ, өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмысын жүргіземіз, - деді әкім.

Мешітке келер болсақ, бұл — еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам. Мешіт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен салынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы