Месси жасын сүрткен беторамал 10 мың долларға сатылады

Месси жасын сүрткен беторамал 10 мың долларға сатылады
2506

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лионель Месси «Барселонамен» қоштасу баспасөз мәслихатында көз жасын сүрткен беторамал Mercado Libre сайтында сатылымға шықты деп хабарлайды tengrinews.kz. 

Лоттың бастапқы құны - 1 миллион аргентиналық песо (10 298 АҚШ доллары). Сатушы орамалда спортшының көз жасы бар дейді. Бұл, сатушының пікірінше, болашақта оны клондауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «Пари Сен-Жермен» аргентиналық шабуылшы Лионель Месси клубқа ауысқаннан кейін өзінің ресми сайтында оның тегі жазылған футболкаларға сатылым ашты. Бір сағатта 250 мың футболка сатылды.


Лионель Месси «Барселонада» 2000 жылдан бері өнер көрсетті, 2003 жылы негізгі құрамда ойнай бастады. Оның қанжығасында Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогы мен Суперкубоғында 7-ден, Чемпиондар Лигасында 4, Еуропа Суперкубогында 3 және клубтық Әлем чемпионатында 3 жеңіс бар. Биыл тамызда аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубына ауысты.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы