Балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін

14 Тамыз 2021, 16:09
8032
Бөлісу:
Балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының есебіне қойылған балалар, оқитын жастар арасында профилактикалық жұмысты жүргізуге. 

Құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, заңға қайшы бағыттағы кәмелетке толмағандар тобын, балаларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтауға назар аудара отырып, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ағымдағы жылдың 11-17 тамыз күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Іс-шара басталған үш күннің ішінде ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық және тізімдік есепке алынған жасөспірімдер, жайсыз отбасыларды тексеріп, нәтижесінде 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. 

Мысалы, 11 тамыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, Вокзал 3 ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің балконынан төрт жасөспірім баланың құлайын деп тұрғандығы жөнінде хабарлама берген. 

Аталған хабарламаға дереу жеткен полиция қызметкерлері тексеріс кезінде Ішкі істер органдарының «жайсыз отбасы» есебінде тұрған 31 жастағы қызылқоғалық әйелдің жасөспірім балаларын Атырау қаласында тұратын досының үйінде қараусыз қалдырып, ішімдік ішіп жүргендігін анықтап, оның тәрбиесіндегі төрт жасөспірім балаларын Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Қазіргі уақытта 31 жастағы әйелге қатысты іс-құжаттар ата-ана құқығынан шектеу туралы ұсыныспен Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

Өзгелердің жаңалығы