Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж

14 Тамыз 2021, 17:40
2790
Бөлісу:
Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде лифт және эскалатор өндіретін әзірге жалғыз кәсіпорын бар. Ол «SKY ELEVATOR KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Өндірістің тыныс-тіршілігімен «Даму» қоры ұйымдастырған баспасөз туры барысында танысып қайттық. 

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Бұрынғы «Ақмола лифт құрастыру» зауытының орнына құрылған өнеркәсіп орны нарыққа «AUXE» маркалы өнімдер шығарып отыр. Аталған нысанда ЕХРО-2017 көрмесінде лифттер мен эскалаторлар құрастырып, орнатқан. 

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ірі сауда орталықтары мен тұрғын үй кешендеріне де осы зауытта құрастырылған жеделсатылар мен эскалаторлар қойылыпты.

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

«Даму» қорының демеуімен өңдеу өнеркәсібі саласын қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде несие алдық. Сонымен қатар «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша да жеңілдікпен несиелеуге іліктік. «Субсидиялау» және «кепілдендіру» бойынша алған қаржыға шикізат салып, айналымдық қаражатымызды толықтырдық. Шикізатты негізінен Ресей мен Қытайдан тасымалдаймыз. Қаражат көп жұмсалады, - деп атап өтті зауыттың техникалық директоры Самат Нұрманов. 

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Зауыт басшысы сөз арасында маман тапшылығы байқалатынын алға тартты. 

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттерін тәжірибеден өтуге шақырып, кейін жұмысқа тартатын көрінеді.

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Зауыт бүгінде лифттер мен эскалатордан бөлек құрылыс крандарын құрастыруды қолға алып отыр. 

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Мәселен, 1 жылдың ішінде ғана 100 лифт, 300 эскалатор мен 100 құрылыс кранын құрастыратындай әлеуетке ие. Пандемияға қарамастан, үзіліссіз жұмыс істеуін тоқтатпаған өндірістің бағыты айқын.

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Бір айта кететін жайт, қазіргі кезде аталған зауыт Қазақстанда лифттер мен эскалатор өндіретін жалғыз өндіріс нысаны болып табылады.

Жеделсаты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Фоторепортаж


 

Өзгелердің жаңалығы