«АрселорМиттал Теміртау» вакцинацияланған қызметкерлер арасында екі автокөлік ойнатады
14 Тамыз 2021, 11:28 453

«АрселорМиттал Теміртау» вакцинацияланған қызметкерлер арасында екі автокөлік ойнатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы болат және көмір департаменттерінің вакцинацияланған қызметкерлері арасында екі Lada Vesta автомобилін ойнатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

 Ұтыс ойыны корпоративті Денсаулық апталығына арналған және вакцинацияның екі кезеңінен өткен қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған.

Ұтыс ойынына қатысу үшін аты-жөні, лауазымы, табельдік нөмірі, жұмыс орны және телефон нөмірі көрсетілген өтінімді жіберу қажет, сондай-ақ вакцинация паспортының сканерленген немесе скриншотын қоса беру қажет. Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады. Оларды хат тақырыбында «ұтыс ойынына өтінім» деп белгілеп, safety.saves@arcelormittal.com немесе AMTpress@mail.ru электронды пошталарына жіберу керек, - делінген хабарламада.
Ұтыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін финалға үш күн қалғанда барлық қатысушылардың тізімі www.arcelormittal.com сайтында жарияланады. Әр қатысушы тізімде өз деректерінің болуын тексеруі керек.

Екі жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен таңдалады. Ұтыс ойыны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Халықаралық конференц-орталығының ғимаратында әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен өткізіледі. Басқа департаменттердің қатысушылары арасында техника сатып алуға сыйлық сертификаттары ойнатылады.

Өтінімдер 7-ші қыркүйекке дейін қабылданады.




Фото: дереккөз
Загрузка...